Шығыс хат-хабарын рәсімдеу және жолдау тәртібі туралы семинар өткізілді.

17.08.2018

Өскемен қаласының №2 сотынның жұмыс жобасын орындау мақсатында жетекші маман Арай Мұхаметжанова «Шығыс хат-хабарын рәсімдеу және жолдау тәртібі» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Өзінің баяндамасында А. Мұхаметжанова құжаттарды рәсімдеу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде біріңғай құжаттандыру ережесі және құжаттандыруды басқару туралы және аудандық және оған тенестірілген соттарда іс жүргізу Ережесін басшылыққа алу керектігін атап өтті.

Шығыс хат-хабарын жіберу электрондық құжат айналым жүйесі, электрондық құжат беру және де электрондық почта, почталық, фельдъегерлік және арнайы байланыс, қолма қол (шабарман) арқылы жүзегі асады.

Баяндаушы мамандарға кіріс немесе ішкі хат-хабарды тіркеу есеп карточкасын шығыс хат-хабарымен байланыстыру үшін барлық есеп құжаттарында деректемелердің дұрыс толтырылуын, электрондық цифорлық қол қойылуына көңіл бөлді.

Іс-шара соңында пікірлермен алмасу болды.  

Похожее