12.12.2018
Көрмеге Ресей Федерациясы, Болгария, Грузия, Беларусь, Қырғызстан, Тунис
және Қазақстан сынды түрлі елдерден 106 компания қатысты. Мықты
бәсекелестерге қарамастан «Өскемен май зауыты» ЖШС үздік атанып, жоғары
марапатты алды.
«Біз мінсіз сапа, Заречное», «Асан», «Алтын Той» рафинадталған,
иіссіздендірілген майдың органолептикалық көрсеткіштері мен жақсы дәмі
үшін «INTERFOOD Siberia-2018» көрмесінің алтын медалін алдық. Үш күн
ішінде көрмеге 4000 мыңнан астам адам қатысты», – деді зауыттың
директоры Илья Батов.
Оның айтуынша, бұл жетістік бүкіл ұжымның еңбегі, онда әр жұмысшы жоғары
сапалы өнім шығаруға барын салады.
«Өскемен май зауыты» ЖШС» күнбағыс майын шөлмекпен шығару өнеркәсіптік
өндірісіне 2009 жылы көшкен болатын. Қазіргі таңда кәсіпорын жылына 100%
табиғи, зиян қоспалар мен консерванттарсыз 15 000 тонна күнбағыс майын
өндіреді. Бүгінде шығарылған өнімнің 30%-ы Қытай, Монғолия, Ресей, Өзбекстан,
Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан сынды алыс-жақын елдерге экспортталады.
Өндірістегі мамандар өнім жоғары тапсырысқа ие екенін айтады, бұл
шығарылатын өнімнің жоғары сапалығын айқындайды.
Биыл кәсіпорынға 14 жыл толып отыр, айтарлықтай «жас» кәсіпорын заманауи
жабдықтарға ие және тұрақты түрде дамып келеді, жаңа технологияларды
қолданады, соның арқасында тазартылған күнбағыс майын өндіруде жетекші орын
алып отыр.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...