Саптық байқау

21.10.2019

2018 жылдың 18 қазанында Өскемен қаласындағы «Восток» стадионында Өскемен қ. ПБ жеке құрамының қысқы киім нысанына көшуіне арналған саптық байқау өткізілді. Аталған салтанатты шара барысында «5518» әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналып, мемлекеттік туы көтерілді.

Өскемен қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Даур Ибраев тікелей қатысумен жеке құрамның қысқы киім нысанына көшу дайындығы, қызметтік куәліктерінің болуы мен сәйкестігі, бөлімшелердің саптық тұруы мен қызметкерлердің сыртқы келбеті толық тексерілді.

Полиция қызметкері –халықтың айнасы. Олар үнемі жұртшылықпен тығыз байланыста болғандықтан, полицейдің сырт келбеті тек саптық байқау кезінде ғана емес, үнемі сымбатты да келісті болуға тиісті,- деді Даур Болатұлы.

Саптық байқаудан кейін Ішкі істер органдарына келген жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өткізіліп, болашақ тәртіп сақшылары Отаны мен халқына адал да сенімді қызмет етуге ант берді. Шара соңында жеке құрам салтанатты саппен жүріп өтті.

 

 

Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі

 

Похожее