19.04.2019
2019 жылдың сәуір айында Өскемен қаласының орталығында орналасқан сауда үйлерінің бірінде ұрлық дерегі болғаны жайында полицияға шағым түседі. Белгісіз ер адам сауда үйінің есігін бұзып кіріп, бірнеше бутиктерінің тауарын жымқырған екен. Бір бөлімнен киім-кешек алса, екіншісінен шаруашылық тауарын қолды етіп, 300 мың теңгеден астам шығын келтірген.
Өскемен қаласының Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл іздестіру жұмыстары барысында бұрын да осындай ұрлық фактілеріне бой алдырған 27 жасар қала тұрғыны қолға түседі.
Заң барлығына ортақ және жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық үшін кез келген жан тиісті жазасын алады.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...