Семей полицейлері интернат үйінің балаларымен кездесті

05.04.2019

Елбасының жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Осыған байланысты полиция қызметкерлерімен жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу және рухын көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Бүлдіршіндердің жүрегіне жылулық сыйлау, қамқорлықтарын сезіндіруді мақсат еткен Полиция басқармасының қызметкерлері Семей қаласындағы «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернатына» барып, тәрбиеленушілермен кездесті.

Кездесу барысында Семей қ.ПБ Кадр саясаты бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Еркебұлан Жаркенов өзінің, әріптестерінің, ішкі істер органдарының басқа да бөліністері қызметкерлерінің жұмысы туралы айтып, балаларға жеке және қоғамдық қауіпсіздік туралы ескертті.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және қаңғыбастықтың алдын алу мақсатында Затон ПБ Ювеналдық полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы полиция майоры Алмагүл Бекешева жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында түсінік жұмыстарын жүргізіп, тәрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берді.

Жасөспірімдер әңгімелесуге белсенді қатысты және полиция қызметі туралы көптеген сұрақтар қойды. Әңгімелесу соңында балалар полиция қызметкерлеріне қызықты кездесу үшін алғыстарын айтты және қауіпсіздік шараларын сақтауға уәде берді. 

Тәртіп сақшылары кездесу сәтінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен бірге, шығармашылық және көркемдік өнерден қалыс емес екендіктерін көрсете білді. Жасөспірімдердің патриоттық рухын көтеру, Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Дархан Салықов «Атамекен», «Қазақстаным», «Туған жер» сияқты патриоттық әндер орындады.

Өз кезегінде балалар үйінің әкімшілігі балаларға көңіл бөліп келген тәртіп сақшыларына шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар балалар осы кездесуден жағымды әсер алды. Бір отбасы, бір үйдегідей тату-тәтті өмірге бейімделген балаларға арналған кездесу көңілді өтті. Балалар өте қуанышты. Полиция қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған осындай шаралар балалардың рухын тәрбиелейді, деді мектеп-интернатының әкімшілігі.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары балаларға сыйлықтарын табыс етті, полиция қызметкерлері тәрбиеленушілермен бірге естелік суретке түсті және алдағы уақытта балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған осындай маңызды бірлестіктің үзілмейтіндігіне сөз берді.

 

 

Похожее