Сот жұмысының қорытындысы өтті

24.10.2019

Өскемен қаласының №2 соты төрағасының м.а. Тельман Алимханов ағымдағы жылдың 9 айы бойынша сот жұмысының қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізді. Шараға жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Т.Алимханов өз баяндамасында ағымдағы жылдың 9 айында 533 қылмыстық іс түсіп, өткен 2018 жылдан (856) қарағанда 37,7%-ға аз екендігін және қаралған істер бойынша 2018 жылы - 807 болса, 2019 жылы - 474 іс 41,2% аз екендігін хабарлады..

Өткен жылда сот үкімімен 368 іс, 381 тұлғаға қаралған. Олардың ішінде 39 тұлға ақталды. Өткен жылмен салыстырғанда ақталғандардың саны 43,5%-ға өсті (2018 жылы 22 тұлға ақталды).

474 қаралған қылмыстық істің ішінде қысқартылған түрде 184 іс қаралды, бұл дегеніміз 38,8%; 45 - медиативті келісім жасасуына және тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылып, 9,4% құрады.

 «Соттағы татуластыру шаралары» атты Жоғарғы Соттың Пилоттық жобасын іске асыру барысында судья-татуластырушымен 8 іс қаралды.

 «Қазіргі уақытта сот қылмыстық істер мен материалдарды қарау электрондық форматқа жоспарлы түрде көшуде, ол процесті жеңілдетілген, ашық және үнемді етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 9 айында  электронды форматта 36 іс және 329 материалдар қаралды»,- деп Т.Алимханов атап өтті.

 Жоғарыда көрсетілген кезеңде сот заманауи  форматта жұмыс және «жаңа» электрондық сервистерінде электрондық форматта 36 іс және үкімді орындау тәртібінде 329 материал қаралып, сонымен қатар БКБ арқылы Республикамыздың басқа аймақтарында тұратын  азаматтардан жауап алынды.

Іс-шара барысында Т.Әлімхановпен журналистерге «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Ел Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде  сот жүйесін реформалау бойынша сұрақтарға түсініктеме берілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                        

 «Ел Президенті сот шешімдеріне мұқият талдау жасап, сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етуді тапсырды. Алдағы уақытта дауларды шешу кезінде сот қосымша дауларды жинауға бастамашылық жасауға құқылы болады, ал жауаптылық азаматқа немесе бизнеске жүктелмей, керісінше мемлекеттік органга жүктеледі. Заңнаманың барлық қарама-қайшылықтары мен түсініксіздігі азаматтардың пайдасына түсіндірілуі тиіс.                                                 Сонымен қатар, Жолдауда әйелдерге қарсы жыныстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар, браконьерлік үшін жазаны күшейту қажеттілігі, сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қажеттілігі атап өтілді»-деп атап өтті Т.Алимханов.

Шараны аяқтау барысында сот төрағасының м.а. қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істер жайлы айтып өтті.

Похожее