27.02.2020
Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында жемқорлықты жоюды – әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін айқындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұру үшін мынадай негізгі қағидаттар арқылы қол жеткізе аламыз.
Біріншіден, жүйелілік қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін ғана анықтаумен шектелмеуге тиіс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты одан әрі жою мақсатында оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мінез-құлықты тұрақты негізде арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту қажет.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес баршаның заң мен сот алдында теңдігі қағидаты. Заңды мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шарты болып табылады.
Үшіншіден, сот жүйесінің анықтығы, ашықтығы қағидаты. Азаматтар мен ұйымдар ақпаратты заңмен тыйым салынбаған тәсілмен еркін алуға құқылы, ал соттар мұндай ақпараттарды заңға сәйкес ұсынуға міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті әрі қолжетімді болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы түрде істі жүзеге асырып келеді.
Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық – сот жүйесінің алға жылжуын тежейді, бүкіл жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп əкелетін, сотқа деген сенімзідікті тудыратын, қатерлі құбылыс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басым бағыттарының бірі де сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде дербес құрылымдық бөлімше «Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі» құрылды. Осындай құрылымдық бөлімше әр облыс бойынша Соттар әкімшілігінде бар. Аумақтық бөлімдердің қызметін үйлестіру және олардың алдындағы міндеттерді анықтау аталмыш бөлімге жүктелді. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері ІҚБ-мен белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді. Мәселен, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда сот төрағасы, Соттар әкімшісінің басшысы және бөлім басшысы апта сайын азаматтарды қабылдайды.
Сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, «Сенім телефоны», «Call-центр» бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде жауап беріп, тиісті әрекеттерді орындауға арналған. Судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша дерек көзі болып табылады.
Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесінің қызметкерлерімен, сондай-ақ жұртшылықпен жұмыс істеуді көздейді. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоспарлы түрде алдын алу және мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлықтық деңгейін бағалау кезіндегі нөлдік көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етеді.
Қазір әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Дүниежүзінде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегия қажет болды. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту,
сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Мемлекет игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмаларды орындау әр азамат және кез келген мемлекеттік органға жүктелген міндет.
Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Қаламқас Салбанова
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...