«Сот жүйесінің 7 тасы» жобасын жүзеге асыру бойынша

08.12.2018

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары М. Аргимберде, С.Бекишева, М. Кислова «Менің өлкем» облыстық газетінің тілшісі Т. Мұхамадиевқа, «Мой город» облыстық газетінің тілшісі И. Плотниковаға брифинг өткізді.

Судьялар ағымдағы жылдың басында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотпен «Сот жүйесінің 7 тасы» жобасы ұсынылып, 7 маңызды приоритеттік бағыт ретінде сот жүйесінің ары қарай модернизациялауға арналған. Атап айтқанда: «Әділдік», «жауаптылық және тәуелсіздік», «сот ісінің тиімділігі», «әкімшілік әділдік», «тергеу судьясы», «судьялардың біліктілігі».

Аталған жобаны іске асыру шеңберінде «электронды» қылмыстық істер қаралатын соттын сот залы қажетті оргтехникамен жабдықталды.  Ағымдағы жылдың 10 айында 21 қылмыстық іс қаралды. Бұрын еңгізілген инновациялық технологиялар («Сот кабинеті», «Қашықтықтан жауап алу» және тағы басқалар») халық арасында белсенді қолдануда.

Сот процестері де жеңілдетілді. Онша ауыр емес, орташа ауыр және ауыр қылмыстар ҚПҚ-нің 382 бабы негізінде қысқартылған тәртіпте (қылмыстық іс 10 күн ішінде) қаралады. Ағымдағы жылдың 10 айында 387 іс қаралса, жалпы қаралған (874)  қылмыстық істердің 44,3% құрады.

Татуластыру рәсімдеріне де ерекше назар аударылуда. 2015 жылдан бастап сотта медиация кабинеті қолданыста. А.ж. шілде айынан бастап «Соттағы татуластыру шаралары» атты пилоттық жоба іске асырылып, соның шеңберінде судья істі өзінің өндірісіне қабылдар алдында судья-татуластырушыға жақтардың келісімге келуге жібереді. Қазіргі уақытта судья-татуластырушымен 7 қылмыстық іс қаралды.

Сонымен қатар, тілшілер Жоғарғы Соттың төрағасының өкімімен бекітілген  29.08.2018 жылдың №6001-18-7-4/172 сот актілерін рәсімдеу және құрастыру бойынша жаңа талаптарымен танысты.

Шараны аяқтау кезінде судьялар қоғамдық резонанс туғызған қаралған қылмыстық істер туралы айтып берді.

Похожее