Талғат Жайлауов: Суретім өзіме 99 пайыз ұқсайды екен

07.08.2017

Қаладағы бірегей жоба бірнеше күн болды аяқталған болатын.

Бүгін «Торпедо» командасының шабуылшысы Талғат Жайлауов Өскемендегі 9 қабатты үйдің қабырғасындағы суретті өз көзімен көріп және бағасын беруге арнайы келді, деп хабарлайды 16news.kz сайты қалалық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ол граффитидегі бейнесі өзіне қатты ұқсайтынын айтты.

«Қазір команда мүшелері арасында тіпті қалжың да айтылып жүр. Неге дәл сенің бейнең салынды деп», алайда, менің ойымша, бұл Қазақстан хоккейі үшін, команда үшін өте жақсы жаңалық», — деп атап өтті Талғат Жайлауов. 31 жасар хоккеист сондай-ақ, өзін бұрын-соңды мұндай деңгейде суреттемегенін айтып, таң қалғанын жасырмады. Естеріңізге сала кетейік, стрит-арт, заманауи өнер бағытында қаладағы бірқатар үйлердің қабырғасын өрнектеу идеясын осыдан бір ай бұрын қала әкімі Қуат Тумабаев ұсынған болатын. Бұл қаланы көрікті етуге, абаттандыруға айтарлықтай үлес екендігі айтпаса да түсінікті. 

«Еліміздің өзге де қалаларында осындай суреттерді көруге болады. Біздің қаламыздың да көркін келтіріп тұрса жақсы емес пе?! Келесі жобада бейнелеуге ұсынылған бірнеше тақырыптарды әкімдікте қарап шықтық. Енді бір айдан соң кімнің осындай алып граффити-портреті пайда болады, оны уақыт өте біле жатарсыздар», - деді шахар басшысы Қуат Тұмабаев. 

Айта кету керек, стрит-арт суретшілер Өскеменге осыдан бір ай бұрын келіп жобаны бастаған болатын. Қазір олар кезекті стрит-нысанды қолға алуға әзірлік үстінде. Сонымен қатар, стрит-арт нысандар толықтай демеушілердің қолдауымен орындалып жатқан жобалар.

Фото: Қала әкімінің баспасөз қызметімен ұсынылды

Похожее