Тонамақ болған

01.11.2019

2019 жылдың 30 қазанында түнгі 02 сағат шамасында «Қыран-39» патрульдік автокөлігі құрамында Өскемен қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция лейтенанты Рамазанов Данияр мен Абылқасымов Досжан Назарбаев даңғылы бойын патрульдеу барысында жол бойында тұрған жеңіл автокөліктің ішіндегі адамның сезікті қимылын байқап қалады. Көліктің жанына келіп тоқтағанда, ішіндегі адам жалма-жан көлікті тастай қаша жөнеледі. Қос инспектор қашқан күдіктіні ұзатпа

Тексеру барысында, мас күйдегі күдікті үйіне жету мақсатында жол бойында тұрған жеңіл көлікті айдап әкетпек болып, көліктің оң жақ қапталдағы терезесін сындыру арқылы ішіне кіргені анықталады. Көліктің салонында жатқан ірі қара малдың тұтастай етін көрген соң, етті ұрламақ болып, сыртқа шығара бастайды. Сол мезет тәртіп сақшыларының назарына ілініп қалып, арам ойы іске аспай қалады.

Сөйтіп, әуелі көлікті айдап әкетпек болған, соңынан көліктегі бөтен мүлікті ұрламақ болған 27 жасар күдіктінің әрекетінің «Қыран-39» экипажының қырағы қимылдары нәтижесінде жолы кесіледі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының 24 бабы және 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, заң алдында жауап беретін болады.

Похожее