11.02.2019
Кезінде дәрігер Гиппократ өкпе туберкулезінің классикалық белгілерін кеңінен сипаттаған. Алайда, ол туберкулез бұл – ағзадағы шырыштың дұрыс бөлінбеуінен туындайтын, тұқымқуалайтын ауру деп аурудың бастауын дұрыс ұсынбады. Оның әріптесі шығыс ғұламасы Ибн Сина, туберкулез адамнан адамға берілетінін, аурудың дамуына сыртқы ортаның ықпал ететінін болжаған.
Ертеректе туберкулезді құрт ауруы деп атаған, содан барып «фтизиатрия» (грекше «phthisis» ) деген атау пайда болған. Туберкулез – бұл туберкулездің (басқа атауы - Кох бациласы) микобактериясын тудыратын және әртүрлі ағзада, әсіресе өкпе тінінде қабынудың бір немесе көптеген ошақтарының пайда болуын сипаттайтын, инфекциялық ауру.
Туберкулездің инфекциялық табиғатын 1882 жылы неміс Роберт Кох дәлелдеген. Ауруды туғызушы микобактерияны да дәл осы кісі ашқан.
Басқа микробтармен салыстырғанда, микобактерияның туберкулезі өте сіріжанды: жерде де, қарда да өзін күшті сезінеді, спирт пен қышқылдың әрекетіне де тұрақты. Ол тек тікелей түсетін күн сәулесінен, жоғары температурада және құрамында хлор бар заттардың әрекетіне өледі.
Туберкулездің барлық микобактериялары бірдей ауру туғызуға қабілетті бола бермейді. Барлығымыз да бала және жасөспірім шағымызда микобактериялар «аламыз», бірақ бұл туберкулездің дамуына әкелмейді. Керісінше, «әлсіз» бациллалар, ауру туғызуға қабілетті емес, біздің туберкулезге қарсы иммунитетімізге үнемі жағдай жасап отырады. Иммундау мақсатында әйгілі БЦЖ немесе Кальмет-Герен (оны ашқан ғалымның атымен) деп аталатын, арнайы әлсізденген микобактерияларды ағзаға жібереді.
«Агрессивті» бактериялар жұқтыру, әдетте адам туберкулезінің белсенді түрімен ауырған науқастың сөйлеп, түшкіріп немесе жөтеліп, Кох таяқшасының көп мөлшерін айналасына таратады. Жануарлар туберкулезімен ауырған сүт өнімдерін қолданғанда жұқтыру сирек болады. Осылайша аурулардың дамуына төмендегі факторлар ықпал етеді:
Не болады:
Кох таяқшасы адам ағзасына түседі де иммундық жүйенің жағдайын өзгертеді. Өкпеде және лимфа түйіндерінде қабынудың ұсақ ошақтары пайда болады. Бұл – бастапқы туберкулез деп аталады. Уақыт өте келе бұл ошақтар жазылып, тыртықтанады. Алайда ондағы бактериялар әрдайым өле бермейді, олар жиі «мүлгігіш» жағдайға өтеді.
Қолайлы жағдайда микобактериялар «оянады», қайтадан қабыну туғызады, ескі ошақтың айналасындағы қорғаныс капсуласын ерітіп, одан шығады. Туберкулездің белсенді түрінде Кох таяқшасы науқастың өкпесінде жылдам көбейіп, өзінің тіршілік іс-әрекетімен адам ағзасын улайды. Қан және лимфамен ол бүкіл ағзаға таралады. Кей жағдайда іштен қайталап жұқтыру кезінде тура осындай болады.
Туберкулез адамның көптеген ағзалары мен тіндерін: көз, сүйек, тері, несеп-жыныстық жүйе, ішек, ми қабығы т.б. зақымдауы мүмкін. Онда туберкулезді өкпеден тыс болған деп атайды, дегенмен өкпе туберкулезі жиі (83-88%) кездеседі.
Туберкулездің алдын алу жөніндегі жалпы ережелер:
Жылына бір рет терапевт немесе фтизиатрдан туберкулезге тексерілуден өтеді. Саламатты өмір салтын сүру. Осындай шаралар тобы ағзаны табиғи жолмен нығайтуға мүмкіндік береді әрі оның иммундық жүйесінің шалыс кетуіне жол бермейді. Дұрыс күн тәртібі, қалыпты еңбек режімі, демалыспен бірлескен ой және дене жүктемесінің теңестірілуі, май, көмірсу, ақуыздардың қажетті мөлшері бар жиі+уақытында+дұрыс тамақтану – бұл біздің имунитетіміздің жоғары деңгейде болуы үшін басты шарт. Дәл осындай жағдайдағы ағза – стреске тұрақты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларының агрессивті әрекетіне бейтарап және вирустардың енуіне кедергі жасайды. Жеке бас гигиенасын сақтау. Осы тармақтың негізгі бағыттары үй-жайға уақытында және жақсылап тазалық жасау, залалсыздандыратын құралдарды қолданып, ыдыстарды жуу болып табылады. Қолды: басқа адамдармен және бөтен заттармен байланыста болғаннан кейін, қоғамдық және ерекше жерлерге барғанда жуу қажет. Жеке бас гигиеналық құралдарды пайдалану. Медициналық мекемелерде жиі, терапиялық қаралудан бастап флюорографияға дейін тексеруден өту, аурудың симптомдарын ерте кезден анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесі өкпе туберкулезі немесе басқа зақымданған ағзаларға жеке профилактика тағайындауға негіз болады. Кішкентай балалар және ересек адамдар (30-ға дейінгі) зұлым туберкулез таяқшасынан БЦЖ вакцинациясы арқылы қорғануы керек.
ФЛЮОРОГРАФИЯДАН өту қажет пе?
Флюорографиядан жыл сайын өту міндетті! Ағзаға сәуле жүктемесі минималды. Қазақстанның кейбір өңірлерінде табиғи сәуле фоны әдеттегі флюорографиядан (0,04 мЗв-ға тең) бірнеше есе жоғары, осы облыстардың тұрғындары флюорографиядан ай сайын немесе тіпті одан да жиі өтеді деуге болады. Соған қарамастан өздерін өте жақсы сезінеді! Қорқуға болмайды, нағыз толғандыратын мәселе консервативтік емге бағынбайтын, ауруды кеш диагностикалау болуы мүмкін. Сонымен бірге, ауырған жағдайда емханаға жүгінгенде, кез келген дәрігер сізден қан және несеп талдауымен қатар, флюорографияны да талап етуге міндетті.
«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК жалпы практика дәрігері Садуақасов Берік Нұрланұлы
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...