Жеңімпаз жетінші сынып оқушысы!

22.02.2019

Кубик-рубик жарысы «Өскемен қаласының КСФ-2019» кубикты жылдамдықты жинау бойынша чемпионатының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 «A» сынып оқушысы Сәлім Тілек 3 орынға ие болды!

Сәлім Тілек Өскемен қаласының және облыс орталығына жақын орналасқан ауылдар 33 қатысушысының арасында жеңімпаз атанды. Жалпы есепте Астана, Алматы, Павлодар, Семей және Өзбекстан Республикасынан келген барлық жас және ересек 68 қатысушылардың арасында 18 орынды иеленді.

– Тлек лайықты нәтиже көрсетті. Кубик – рубикті жинау уақыты 15,58 секундты құрады. Тіркелген ең жақсы уақыт – 13,85. – деді «KAZAKHSTAN SPEEDCUBING FEDERATION» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арман Машимов.

Ұйымдастырушының айтуынша, 2019 жылғы 16-17 ақпан аралығында өткен "KSF Ust-Kamenogorsk City 2019" Қазақстанның 19 қаласында өтетін KSF чемпионаттардың 4-ші чемпионаты. Жеңіске жету үшін қатысушы текшенің нақты жинағын ең тез қайталауы керек. Кез келген адам қатыса алады. Ең бастысы - жұмбақтарды шешуде дағдыға дайын болу.

Похожее