22.04.2019
Жіті ішек жұқпасы туралы ақпарат жиі айтыла бергенмен, көп жағдайда біз мамандардың кеңестеріне құлақ аса бермейміз. Бұл аурушаңдық өздігінен келіп, өздігінен айығып кетпейді, сондықтан тағы бір мәрте жіті ішек жұқпасы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.
Ішек жұқпаларына дизентерия, энтерит, сальмонеллез, тамақтан уыттану, іш сүзегі, паратиф жатады. Ішек жұқпасы ауруы кезінде клиникалық белгілер әртүрлі болады. Ортақ болып келетін белгілерол -дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іш ауру, метеоризм, нәжістің сұйық болуы, уыттану белгілері, бас ауру, тәбеттің болмауы, ауыр түрінде кездскен жағдайда өліммен аяқталуы да мүмкін. Аурудың белгілері біліне бастағаннан ақ медициналық көмекке жүгіну қажет. Өздігінен ем қабылдауға болмайды.
Бұл аурушыңдықтың қоздырғышы – ішек таяқшалары болып табылады. Қоздырғыштар сыртқы ортаға өте төзімді болады. Топырақта, суда және әртүрлі заттарда ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мысалы, тұрмысстық ыдыстарда, қасықта, үй жиһаздарында. шек таяқшалары суықтан қорықпайды, алай да жылы ылғалды жерді жақсы көреді. Сүт және сүт өнімдерінде ішек таяқшалары сақталып қана қоймай, тағамның түрі мен дәмін өзгертпестпен көбейеде алады.
Науқасдамдар мен бактерия тасымалдаушылар жұқпа көзі болып табылады. Әсіресе аурудың жеңіл, «жасырын» түрінде болатын науқастар сыртқы ортаға аурудың қоздырғыштарын белсенді түрде шығарады. Бұндай науқастар жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда, лас қолдармен микробтар тұрмыстық заттарға, орамалға өтеді. Бау бақшалар лас нәрселермен құнарландырылған болса, ішек жұқпалараы жеміс-жидек, көкеністермен де жұғуы мүмкін. Ішек жұқпасының таралуына себеб болатын бірден бір фактор – су болады. Көп жағдайда жауын суымен, еріген қар суымен араласқан ашық суқоймасындағы суда ішек таяқшаларымен ластанады. Сондықтан суға шомылу кезінде де ішек жұқпасын жұқтыру қаупі бар.
Микроптар ағзаға түскеннен кейін сипмтомсыз инкубациялық кезең көп жағдайда 6-48 сағатқа созылады.
Ішек жұқпасы аурушаңдығын жеңу, оны болдырмау, тек медициналық қызметкерлерге қатысы бар аурушаңдық деп айта алмаймыз. әр адамның мәдениетіне, санитарлық тазалығына байланысты болатын ауру түрі. Ересек адамдардыңөз денсаулығына немқұрайлы қарауы – олардың балаларына да әсерін тигізеді. Өйткені, балалар жіті ішек жұқпасын жұқтыруға бейім келеді және олар ересектерге қарағанда, ішек жұқпасын ауыр қабылдайды.
Сондықтан естеріңізде болсын, ішек жұқпасынан сақтану жолдары өте қарапайым және артық шыығынды қажет етпейді.
Егер сізде ішек жұқпасының белгілері байқала бастағанда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Уй жағдайында өздігінен емделу әртүрлі асқынуларға немесе бактерия тасымалдаушылыққа әкеледі, бұл сізді қоршаған адамдарға қауіпті. Нәтижесінде, отбасында ішек жұқпасының қайталап тіркелу жағдайы орын алып жатады.
Егер, сіз жеке бас гигиенасын сақтап, жоғарыда аталған сақтақ шараларын ескерсеңіз, өзіңізді және сізді қоршаған адамдарды аурудан сақтай аласыз
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...