28.02.2019
Аталған кездесуге аталмыш ауданның жұртшылығы, жергілікті билік өкілдері, өзін-өзі басқару комитеті қатысты. Даур Болатұлы өз есебінде бүгінгі күні қала аумағындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жағдайы, олармен күресу жолдарын тілге тиек етті.
- Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отырған өзекті мәселелердің бірі-ұрлық пен алаяқтық деректері өршіп тұр. Ғаламтор сайттары арқылы тауарларды сатып алу, пәтерлерді жалға алу кезінде немесе бөтен біреудің шотына ақша аудармас бұрын сақ болуды ескертеміз. Сонымен қатар, мен қала тұрғындарына қазіргі заман талабына лайық үй аулаларына, подъездерге, жеке меншік нысандарға бейне бақылау орнатуды ұсынамын. Бейне бақылау орнату қылмыс ашу мен адамдардың қауіпсіздігіне үлкен көмегін тигізеді, -деді Д.Ибраев.
Аудан жұртшылығы өз кезектерінде басқарма басшылығына деген көкейтесті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын ала білді. Ел тыныштығы мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының құзіретімен шектелмейтіні, тәртіп сақшылары мен жалпы қоғамның тығыз қарым-қатынасына байланысты екендігі бүгінгі кездесу барысында тағы да бір дәлелденді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...