Заңнамадағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды талқылады

19.02.2019

Өскемен қаласының №2 сотында құқықтық және құқықтық-процесуалды заңнамадағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша судьялардың қатысуымен, қалалық прокуратура, Өскемен қаласының, Үлбі. Ертіс және Солжағалау полиция басқармасының өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасының м.а. Т. Алимханов дөңгелек үстелді аша отырып, 2019 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мемлекет басшысы 03 ақпанда заңды күшіне енген заңға қол қойды.

Судьялар М. Кислова және Қ. Салбанова қатысушылардың назарына қылмыстық қудалау органы мен соттың процестің әрбір сатысында мүліктің қылмыстық шығу фактісін анықтау міндеті нақтылғанын, қылмыстық юрисдикция сотының бұрын қылмыстық қудалау органы салған тыйм салуды және тәркіленген мүліктен өзге де ауыртпалықтарды алып тастау құзыреті белгіленгенің жеткізді.

Қылмыстық кодекске қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын залал шегін арттыруға байланысты ҚК-нің 235 және 246 баптарына түзетулер енгізілді; ҚК-нің  234 бабы 1 бөлінінің диспозициясына толықтырулар енгізілді; ірі мөлшерде өсімпұлдар мен пайыздарды төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 236 бабы бойынша жауптылық алынып тасталды; ҚК-нің 241, 243,244,245 баптарының ескертпелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

          Сонымен қатар, судьялар қылмыстық істер бойынша іс жүргізу құжаттарын құрастыру кезінде құқық қорғау органдарымен жиі жіберген қателіктерін көрсетті.

Дөңгелек үстөл қорытындысында іс-шараға қатысушылар құқық қорғау органдарымен соттардың бірлескен жұмыстарын жақсарту, қылмыстық істерді жан-жақты және объективті қарау мақсатында бірқатар мәселелер талқыланып, оңтайлы шешімдер қабылданды.

 

Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Похожее