Қаза болған өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды еске алу

21.10.2019

         Соңғы онжылдықта жиілеп кеткен табиғи және техногендік апаттар адамдардың ғана емес, сонымен қатар қызметтік міндетін атқарып жүрген құтқарушылардың да өмірін жалмап әкетуде.

         Қазақстанның құтқару қызметіндегі батыл жұмыстың 20 жылы ішінде құтқарушылардың есебінде ондаған мың құтқару операциялары, құтқарылған адам өмірі.

         Осындай жанкешті жұмыстың құны: денсаулығыңа зиян келтіру – ең қорқыныштысы – қаза болу.

         Қайғымен бетпе-бет балалары, жұбайлары, қарт ата-аналары қалады....

         ШҚО ТЖД қызметкерлері мен қызметтің ардагерлері қаза болған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың туыстары мен жақындарын естен шығармайды. Кәсіби мереке қарсаңында Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушысы – Елдос Нүрпейсов аен Риддер қ. МӨСБ өрт сөндірушісі – Владимир Синельниковтың отбасына атаулы көмек көрсетті.

         Еске сала кетейік, Елдос Нүрпейсов 2017 жылы 14 мамырда Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінде іздестіру операциясы кезінде, ал Владимир Синельников 2018 жылы 22 сәуірде құрғақ шөптің өртенуін сөндіруге бара жатып өрт сөндіру автомобилі аударылуы кезінде қаза болған.

         ТЖ қызметтерінің құрылу күніне арналған салтанатты шараны өткізу кезінде ШҚО ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ шақырылған ардагерлер, қаза болғандардың отбасы мүшелері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды еске алу стелласына гүл шоқтарын қойды.

         «Қаза болған қызметкерлерге құрмет көрсету – бұл жүрегімізде олар туралы жақсы естеліктерді сақтап, жас қызметкерлерге естеліктер айту. Өз істеріне деген адалдық жауынгер достарының, туыстары мен жақындарының мәңгі есінде» - дейді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Степанович Кодубенко.

 

ШҚО ТЖД

Похожее