29.09.2018
Айтулы салтанатты іс-шараға Өскемен қаласының әкімі Ж.Омар қатысты. Бүгінде лицейдің жетістіктері ауыз толтырарлық, республикадағы 100 алдынғы мектептердің бірі.
Қала басшысы мектеп жетістіктеріне ерекше тоқталып өтті. Мерейтойға арнап лицейде дебат, тәрбие сағаттары, ұлы тұлғанының өмір жолынан естелік көрме ұйымдастырды. Оралханның өз қолтаңбасы қалған кітаптарда көрме төрінен орын алды.
Салтанатты іс-шарада қала әкімі Ж.Омар заманауи теледидарын сыйға тартып, ата-аналарға, мектеп ұжымына, оқушыларға құттықтауын жолдады.
Бүгін қазақтың біртуар азаматы, жерлесіміз, Алтайдың алыбы атанған Оралхан Бөкейдің 75 жылдық мерекесі. Сіздерде қос мереке, лицейдің 25-жылдығы. Оралхан Бөкей - қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Мұзтаудың Мұзбалағы - біздің мақтанышымыз. Ұлы тұлғаның туған халқына мұра етіп қалдырған зор еңбегі - бүгінгі өскелең ұрпақтың қоржынына салынған асыл қазына екені сөзсіз.
Ұлы жазушы Шерхан Мұртаза «Оралхан - дүниеден озса да, кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа - ақыл, кәріге - қуат, бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады» деп, өскелең ұрпақты Оралханның әдебиетін түсінуге, одан рухани құнар алуға шақырған болатын.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...