04.05.2019
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы мемлекеттік қызмет көрсетулердің келесі түрлерін атқарады:
Қызмет алушы аталған қызметтерді алу үшін Мемлекеттік қызметтер стандарттары және Қазақстан Республикасы заңнамасымен регламенттелген өтінішпен және құжаттар пакетін қоса алып Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалына кезек күтпей және алдына ала жазылмастан жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі, мыналарды қоспағанда:
«Валюталық операцияны тіркеу», «Валюталық операция туралы немесе шетел банкінде банктік шот ашу жөнінде хабарламаны растау» және «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызметтері қағаз нысанда көрсетіледі.
«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» және «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсету қағаз жүзінде және электронды нысанда көрсетіледі. Қызмет алушы өз бетімен Интернет ресурс арқылы «Электронды үкімет» www.egov.kz. веб-порталы арқылы Ұлттық Банктің филиалына өтінішпен не болмаса «Шығыс Қазақстан бойынша «Үкімет азаматтар үшін» бейкоммерциялық акционерлік қоғам филиалы – халыққа қызмет көрсету орталығы» Департамент бөлімдері арқылы жүгінуіне болады.
Филиал ұсынған мемлекеттік қызметті бағалау үшін, қызмет алушыға қызметті уақытылы ұсыну, қызметті ұсыну процесінің сапасы, қызметті ұсыну үрдісінің қолжетімділігі, қызметті ұсыну тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі және қызметкердің сыпайылығы көрсетілген «Қызмет алушының сұрау салу Карточкасын» толтыру ұсынылады.
Сонымен қатар, www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімінің «Сауалнама. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электронды/қағаз түрінде мемлекеттік көрсететілетін қызметтердің сапасы» шағын бөлімінде қызмет алушы оған көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау мүмкіндігіне ие.
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы сұрақтар туындаған жағдайда, қызмет алушы жұмыс күндері мына мекенжайлар бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-дейін) Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалына жүгінуіне болады:
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...