Әңгіме барысында әр түрлі бизнес-саланың кәсіпкерлері жалпықалалық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

21.12.2018

Атап айтқанда, мүгедек балаларға арналған қалалық оңалту орталығын құру мәселесі қаралды. Кездесуге қатысушылар жобаға кез келген қолдау көрсетуге келісті.

Бизнес өкілдерінің жас кезінде жүкті болған қыздарға қолдау көрсету бойынша "Ана үйі" әлеуметтік бастамасы жеке талқыланды. Қала басшысы әкімдіктің жобаны қолдауға және қоғамның осы проблемасының алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін мәлімдеді.
Жақсылық Омар осындай кездесулерді жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды, ал жақын арада идеялар көрмесін ұйымдастыруды ұсынды.

Похожее