18.07.2018
Жиын барысында лейтенанттар өз кәсіби дайындықтарын жоғарылатып, алдағы әскери қызметіне кіріспес бұрын білім мен біліктіліктерін сынап, кәсіби шеберліктерін шыңдайтын болады. 3 күнге созылған оқу-әдістемелік жиын барысында лейтенанттар жеке құраммен қалай саптық және атыс дайындықтарын жүргізуді тағы бір пысықтап, тәжірибелі офицерлерден тәлім алды. Сонымен қатар ,мәскери жарғылар бойынша білімдері сыналып, дене дайындықтарын анықтау мақсатында спорттық нормативтер тапсырды..
-Біздің басты мақсатымыз, жас лейтенанттарды «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарына қарасты әскери бөлімдерге таратып, өз мамандықтары бойынша тиісті лауазымдарға тағайындау.Екіншіден, қызметке тағайындамас бұрын оларға бағыт-бағдар беріп, жеке құраммен жұмыс істеу барысындағы қажетті тәжірибемізбен бөлісу-дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы полковник Сергей Сергеев.
Қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Темірші ауылында дүниеге келген лейтенант Серік Оралбай алғашқы әскери қызметін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодардағы 5512 әскери бөлімінде бастайды екен. Ол Ұлттық ұланның Әскери Институтын «тәрбиеші» мамандығы бойынша тәмәмдаған. - Алдағы уақытта өз мамандығым бойынша сарбаздарды тәрбиелейтін боламын және біздің отан қорғаушыларымыздың рухын моральдық психологиялық жай-күйін ретке келтіру біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл мамандық жеке мен үшін ең басты жауапкершілік болып табылады-дейді Серік Әбдірашидұлы. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Амриев жас лейтенанттармен кездесіп, өзінің әскери өміріндегі тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы әскери қызметтерін абыроймен атқарып, ел сенімін ақтауға шақырды.
Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...