Ұлы даланың жеті қыры

22.11.2018

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған отырыс өтті.

Отырысқа ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ШҚО ҚХА қоғамдық келісім Кеңесінің , Аналар кеңесінің, журналистер клубының, «Жаңғыру жолы» жастар штабының, қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, дін саласының қызыметкерлері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен белсенділері қатысты. 


Елбасының мақаласын мұқият оқып шықтым. Мақалада Мемлекет басшысы төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпақтың болашағы зор болатындығын айтты. Сондықтан бұл - бүгінгі болмысымызды сараптап, болашағымызды бағамдауға арналған мақала – дейді Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков


Бұл жолғы мақала Елбасы өзі айтқандай «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы іспетті. «Ұлы даланың жеті қыры» атауымен халыққа жол тартқан бұл мақала еліміздің тамыры тереңде жатқан төл тарихын қайта жаңғыртпақ –дейді отырыс барысында сөз алған қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаухан Әбілханұлы

Айта кетейік, өз мақаласында Президент Қазақстанның күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» екенін, сондай-ақ, қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтардың басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосқанын ерекше атап өтті.

Елбасының мақаласы туралы Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы  Ермек Мұқатай қажының былай дейді.

- Біз өз заманымызда қалай озық бола аламыз. Сол себепті осы мақаланың алатын орны ел дамуында ерекше деп ойлаймын. Бұл тек басы деп саналады. Өйткені оны елбасы айтып өткендей әр азамат өзінің ой елегінен зерделеп, әсіресе зиялы қауым осыны халыққа жеткізіп халық санасының еркіндігін, азаттық әрі қарай көтере білсек. Әрине рухы күшті ел, рухы мықты ел әрқашан да алда болатындығы белгілі.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы еліміздегі тарихшыларғада үндеу жасап отыр.  Осы тұрғыда тарихшыларымызда ауқымды шараларды қолға алу қажет.

Сонымен қатар Ұлы даланың бесінші қырында  «Дала фольклорының антологиясын» жасау керектігін атап өтті. Бұл дегеніміз Ұлы дала халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады деген сөз. Демек біздің бабаларымыздан жалғасып келе жатқан бай мәдени мұрамыз, қайта жаңғырып, заманауи үлгіде әлем елдеріне жол тартады деген сөз.  Қорыта  айтқанда  бұл мақала да бүгінгі қоғамға, халқымызға қажет мәселелер көтеріліп отыр. 

Похожее