Құрметті қала тұрғындары, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары!

12.09.2018

Өскемен қаласының тұрақты негізде санитарлық жағдайын қадағалау және көріктендіру мақсатында қала әкімдігінің 2018 жылғы 15 қыркүйектегі № 3749 қаулысымен 2018 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 13 қазанына дейін қаланы санитарлық тазалау бойынша айлық жарияланған

Аталған айлық барысында «Үлкен сенбілік» акциясы жарияланды.

Өскемен қаласының әкімдігі жоғарыда аталған акцияға кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын белсене қатысуға және мекемеге қарасты аумақтарда тазалау жұмыстарын ұйымдастыруға шақырады.

Қаламызды шын жүрегімен сүйетін барша халық, жеке және мемлекеттік саладағы барлық ұйымдардың еңбек ұжымдары, студенттер, көп пәтерлі және жеке үйлердің тұрғындары  осы үндеуді қолдайтынына үміттенеді.

Бірінші жалпықалалық сенбілік 2018 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 9.00-де  басталады.

Аталған сенбілікке бір кісідей жұмыла қатысып, қаламызды бұдан әрі көркейтуге  қолдау беретіндеріңізге сенімділік білдіреміз.

Похожее