Ұрпақтар сабақтастығы

09.05.2019

Ұлы Отан соғысы! Оны күтті, алайда ол кенеттен келді, кең байтақ еліміздің әр қуысына жетті. «Соғыс жаңғырығы» естілмеген бірде-бір отбасы жоқ. Әрқайсысымыз осы майдан мен тылдағы жылдардан туыстарымыз, ата-әжелеріміз, әкелеріміз 18 жасқа толар толмастан алдыңғы шепке өтті.

Олардың батылдығы мен қайсарлығының, төзімділігі арқасында бірнеше ұрпақ, ондаған жылдар бойы бейбіт елді, Отанымызда ашық аспан астында ата-бабаларымызды еске алып өмір сүріп жатырмыз.

         Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызық оқиға болды.  Кажр жұмыстары бөлімінің бастығы Бауыржан Жүрекбаев 1943-1945 жылдары 795 гаубич артиллерия полкының құрамында қару командирі болып қызмет атқарған әкесі Сейітқазы Жүрекбаевтың мұрағатын  сақтап жүреді. Тарбағатай ауанындағы Ақжар ауылының тумасы қатарластарымен бірге Польшаға дейін жеткен. Олардың жауынгерлік іс-қимылдарының арқасында Жүрекбаевтың әкесі екі мәрте «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «гарманиядағы жеңісі үшін» медальдарымен марапатталған. Оның ұлы отбасылық альбомдағы 80 жыл бұрынғы жас жігіттің әскерлермен бірге түскен суретін сканерден өткізіп алақшы болады. Осы тапсырманы әріптесі Сағдолина Жанатқа береді, ал бас маман өз көзіне өзі сенбей қалады. 1943 жылғы суретте Жүрекбаевтың әкесімен бірге оның атасы – Жұмаділ Сағдолин болған еді: 152 артиллерия полкының барлаушысы. Ол да қатарластары сияқты 18 жасқа толған соң Сағдолин Катооқарағай ауданындағы Балғын ауылынан әскерге шақырылады. Көбісі үшін соғыс 1945 жылдың мамырында  фашистік Германияны жеңген соң  аяқталса, ол тек Жұмаділ үшін емес еді. Сагдолин қызметін 1948 жылға дейін Жапонияда жалғастырды. Батырлығы мен ерлігі үшін барлаушы «Жеңіс үшін» медалімен марапатталды.

         Шығыс Қазақстанның түрлі аудандарынан келген екі солдаттың 70 жылдан соң балалары мен немерелерінің бірге азаматтық қорғау органдарында жұмыс істейді деп кім ойлаған. Ұла Отан соғысының ардагерлері қазір көзі тірі болса әрине қару командирі Жүрекбаев ұлымен, ал барлаушы Сағдолин немерелерімен мақтанар еді. Әпкелі-сіңлілі Жанар мен Жанат Сағдолиналар 10 жылдан аса ШҚО ТЖД-да жұмыс істейді. Подполковник Жүрекбаев одан да көп – 23 жыл.

         «Жер дөңгелек» деген сөз бар, мен осыған сенеміз. Бұл тағдыр. Әкем майдан туралы көп айта бермейтін еді. Негізінен соғысты бастан кешірген аамдар көп сөйлемейді, егжей-тегжейді айтпайды. Барлық сезім мен эмоцияларын соғыста қалдырған шығар ....» дейді Кадр жұмыстары бөлімінің бастығы Бауыржан Жүрекбаев.

         ШҚО ТЖД-да екінші дүниежүзілік   соғыс кезеңінен тарихты сақтамаған адам жоқ шығар.  9 мамырда бүкіл гарнизон сержант және офицер құрамынан Өлмес полкке шығады.

         Осындай мысалдың бірі – ШҚО ТЖД бастығы Нұрлан Мадьяров, ол жыл сайын «Өлмес полк» құрамында әкесі Әбілбай Мадьяровтың фотосуретін мақтанышпен алып жүреді. 152 танк батальонының атқышы екі рет жараланды, алайда бұл оны тоқтата алмады, ол өз полкімен бірге Смоленск түбіндегі фашистердің шабуылын ұстап тұрды. Жауды жеңгеннен соң Әбілбай Мадьяров  алғы шепте тағы 2 жыл жүрді. «Ерлігі үшін», «Праганы алғаны үшін», Будапешті алғаны үшін» медаьдарымен марапатталды.

         Атасы Анатолий Чигриновпен оның немересі ШҚО ТЖД ақпараттық аналитикалық тобының бастығы Василий Ермалкович те мақтанады. Артиллерия полкының дивизия капитаны екі мәрте «Қызыл жұлдыз» алған, Ресей мен Украинада ғана емес, Венгрия мен Австрияда да соғысқан. Ол жауынгерлік жағдайда штаб жұмысын шебер ұйымдастырып, жауынгерлік бөлімшелерді басқара білетін еді.  «1945 жылы наурызда Чиллаг ауданында бесінші ьатареяның оғын түзетті, нәтижесінде 75 мм пушкасы, 4 пулемент нүктесі, пушкалы 4 машина және 2 бронетранспортер жойылған, гитлердің солдаттары мен офицерлері қырылған» - деп әңгімелейд капитан Чигриновтың немересі Василий Ермалкович.

         Әр қызметкер жүрегінде ата-бабаларының тарихын сақтайды. Жыл сайын ардагерлер мен тыл еңбеккерлері күн санап азаюда. Тек қана бізбен сіздің естелігіміз оларды жадымыздан өшірмейді!!! Біздің есімізде!

 

Похожее