Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған «Жыл көшбасшысы» жастар арасындағы байқаудың ережесі

09.11.2018

1. Өскемен қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Өскемен қаласында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.

2. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі.

3. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:

  1. Жылдың студент көшбасшысы;
  2. Жас кәсіпқой;
  3. Жылдың жастар ұйымы;
  4. Жылдың жас журналисті;  
  5. Жастар шығармашылық ұжымы;
  6. Жылдың жас ғалымы;
  7. Жылдың жас отбасы.

Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Конкурс құжаттары  (ұсыныс, өмірбаяны, мінездеме), сондай-ақ, үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдар Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұсынылады.

5. Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді.  

6. Конкурстық құжаттарды қарастыру кезінде Комиссия номинантқа қатысты  қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

7. Сыйлық беру туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.

8. Сыйлықты Өскемен қаласының әкімі табыс етеді.

9. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері әр номинация бойынша 50 мың тенгені құрайды.

10. Қала әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерилері:

  1. Жылдың студент көшбасшысы (қаланың жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының бірінде күндізгі бөлімінде оқитын студент болуы, ғылыми және қоғамдық қызметтегі жетістігі, студенттік ұйымның жетекшісі);
  2. Жас кәсіпқой (алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жас маман болуы, кәсіби жетістігі, қызметінде инновациялық компоненттердің болуы (дайындамалары, жаңа технологияларды енгізуі немесе қолдануы, ғылыми жұмыстары және ашқан жаңалықтары), белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық пайдалы қызметі);
  3. Жылдың жастар ұйымы (заңды тұлға мәртебесі, бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, маңызды іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі, табысты іске асырылған әлеуметтік – маңызды жобалары, қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің БАҚ жариялануы);
  4. Жылдың жас журналисті (бір жыл ішінде БАҚ-та жарияланған материалдарының бар болуы, телеарналардағы телехабарлары (сюжеттері), материалдарында көтерілген тақырыптардың мәнділігі мен өзектілігі,  конкурсқа ұсынған материалдарының сапалық деңгейі, белгілі журналистік конкурстарға, форумдарға қатысуы, жеке көзқарасы және белсенді азаматтық ұстанымы);
  5. Жастар шығармашылық ұжымы (халықаралық және республикалық шығармашылық сайыстарға, конкурстарға, турнирларға қатысушы, өнер мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесі, кәсіби қызметіндегі жетістігі);
  6. Жылдың жас ғалымы (ғылым саласында мемлекет саясатын өткізуге белсенді қатысуы, ғылымға жаңалық енгізуі, ғылымда жеке жетістігі, ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми конференцияларға қатысуы, зерттемелері, сайыстар гранты, басылым жинақтары: монография, оқу  және оқу-әдістемелік жинақ, мақала, тезистер, ғылыми мекемелерде жұмыс тәжірибесі).
  7. Жылдың жас отбасы (жас мөлшеріне шектеулер «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ Заңына сәйкес, кемінде бір баласының болуы, отбасы мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымдары, қаланың қоғамдық–саяси өміріне араласуы, Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін ұстануы, табысты кәсіби қызметі).

         Материалдар 2018 жылғы 24 қарашаға дейін, Әуезов даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырылады.

Анықтама телефондары: 8/7232/250-170, 8/7232/250-190.

 

Похожее