Өскемен қаласында трамвай адамды басып кетті.

30.12.2020

Облыс орталығында 30 желтоқсанда шамамен сағ.15.30-де Абай даңғылында орналасқан «Старт» сауда үйінің жанында трамвай адамды басып кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан. Ол өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

- Жәбірленушінің жеке тұлғасы анықталды, ол 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты,- деп бөлісті ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Похожее