Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғылым. Шығармашылық. Спорт» фестивалі өтті.

11.09.2018

Жыл сайын қыркүйектің басында өткізілетін іс -шара салтанатты түрде ашылды. Көрермендер «Жүргізуші мектебі», «Спорттық бал билері» және «Заманауи эстрадалық билер» үйірмелеріндегі құрдастарының шеберлігін тамашалады.

2017-2018 оқу жылындағы үйірмелер мен секциялардың белсенді қатысушылары дипломдармен марапатталды.

Балаларға өздерін шығармашылық жағынан көрсетуге көмектесу мақсатында «Телестудия», «Техникалық модельдеу», «Театр», «Вокал», «Хор», «Қолөнер» (киіз, құрақ кұрау), «Фотосурет үйірмесі», «Графика», және басқа да үйірмелер ұсынылды. Жетекшілер үлкен спорт залда өздерінің «бұрыштарын» ұйымдастырды. Мұнда бапкерлер балаларды әр түрлі секцияларға шақырды.

Зияткерлікті дамыту мақсатында элективті курстар ұсынылды. «Биотехнология», «Эко-биология», «Нанотехнология», «Компьютерлік графика және дизайн», «3D модельдеу», «Робототехника» балаларды өз білімін кеңейтуге және тереңдетуге шақырды.

         Үйірмелер  мен элективті курстардың жәрмеңкесінде әркім өзінің қалауы бойынша өз таңдауын жасай алды.

– Мен «Футбол» cекциясын таңдадым. Менің ойымша, біз көп оқимыз, ал бұл спорт түрі жақсы қозғалуымызға мүмкіндік береді,– дейді 9 «В» сынып оқушысы Айберген Тулекенов.

Роза Кумаргажина, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Похожее