Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылар тобы ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы Ұлттық Федерациясының төлқұжатына ие болды.

26.01.2019

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Мұхтарханованың айтуынша, ЮНЕСКО-ға мүшелік тегін бағдарламаларға, қызмет саласындағы тренингтер мен мастер-класстарға, қазақстандық клуб мүшелеріне арналған ішкі жарыстарға қатысуға құқығын береді. Өзін-өзі көрсету, дарындылықты дамыту, және белсенді азаматтылықты қалыптастыруға жол ашады.

– Біздің oқушылар халықаралық ұйымның экологиялық жобалары байқауына қатысу үстінде. ІІ турға өз жобаларымен 11 «А» сынып оқушылары Дарья Таратынова мен Ерасыл Мұратов өтті. Келесі қадам – ​​жеңімпаздарға Қазақстандағы ЮНЕСКО клубының 4-ші Академиясының қатысушылары болуға мүмкіндік беретін балаларға арналған суреттер байқауына қатысу. – дейді «Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі клуб хатшысы» Татьяна Аргунова.

Мектепте 22 оқушы мен екі мұғалім клуб мүшесі болуға ерік білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, уақыт өте келе қатысушылар саны артады

Похожее