Өскемен қаласының №2 сотымен қылмыстық істердің 50% –ға жуығы қысқартылған тәртіпте қаралды

15.02.2019

Жоғарғы Сот жүргізіп отырған Қазақстан Республикасының сот төрелігін жетілдіру саясатының негізгі бағыттарының бірі қылмыстық процесті жеңілдету және оңтайландыру, сот жұмысын әуре сараңға салу мен формализмді болдырмау болып табылады.

         Аталған бағытта Өскемен қаласының №2 сотымен белсенді жұмыс атқарылуда.

         Өткен жылда 964 қаралған қылмыстық істердің 418 ісі қысқартылған тәртіппен қаралып, 43,3 % құрайды.

         Сот талқылауының қысқартылған тәртібі кезінде істер 10 тәулік ішінде қаралады, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен 20 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

         Қысқартылған тәртіп тек сотталушыдан және жәбірленушіден жауап алудан тұрады, куәлар сотқа шақырылмайды.

         Бұл ретте қараудың мұндай тәртібі іс бойынша қабылданған шешімнің объективтілігі мен әділдігіне әсер етпейді.

         Керісінше, сот  төрелігін жүзеге асырудың жеңілдігін арттырады, сот ісін жүргізуге байланысты шығыстарды азайтады, сот шығындарын қысқартады, судьялар мен процеске қатысушылардың уақытын босатады.

Похожее