Өскемен қаласының РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ комитетінің Құрылтай конференциясы

16.10.2018

2018 жылдың 16 қазан күні сағат 16.00де, Оқушылар шығармашылық сарайында Өскемен қаласының РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ комитетінің Құрылтай конференциясы өтеді

Ұйымдастырушылар: «ШҚО Өскемен қ. Білім беру бөлімі» ММ, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК.

Мақсаты: «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында Өскемен қаласының «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымдары комитетінің қалалық Төрағасы сайлауын өткізу.

Шара тиімділігі:  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру.

РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ  өскелең ұрпақты өз Отанының патриоты болуға, Қазақстан халқына, мәдениетіне, төзімділік пен бітімгершілік дәстүріне, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, тынбай білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге үйретеді. «Жас Ұлан»  аға буын мүшелері 5-10 сынып оқушылары, «Жас Қыран» кіші буын мүшелері 1-4 сынып оқушылары болып табылады. 

Конференция мақсаты – Өскемен қаласының «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымдары комитетінің қалалық Төрағасы сайлауын өткізу. Өткізу түрі – ашық дауыс беру, оған барлық қала мектептерінің Ұланбасы қатысып, қалалық комитет Төрағалығына таңдау турынан өткен 5 үміткердің бірін таңдайды.

Төралқаның құрамына Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар орталығы өкілдері, қала мектептерінен «Жас Ұлан» комитетінен Ұланбасы мен тәлімгерлер мәлімделген.

Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары.

Өткізілетін орны: Оқушылар шығармашлық сарайы, көрермендер залы (Кирова көшесі, 63)

Жоспарлаған қатысушылар саны – 150 адам.

Похожее