Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қаланың көктемгі су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында қауіп-қатер аймағында орналасқан шағын аудандармен танысты

24.10.2018

Қала басшысы Маховка өзенінің арнасын, Бражинский мен Овечьи ключ бұлақтарының тазалау жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінде Овечьи ключь арнасында тазалау жұмыстары толық аяқталды

 Көктемдегі су тасқыны кезінде Абай даңғылы мен Гавань ауданын су басқан бұлақтар толық тазартылып, экскаватордың көмегімен тереңдетілді. Су автожолының астынан өтетін тюбингтер тазартылды. Аталған жұмыстар Бражинск бұлағы мен Маховка өзендерінің арналарында жалғасуда. "Өскемен Тәртіп" МКК техникасының көмегімен Бражинск бұлағының түбінен бір тоннаға жуық қоқыс алынды. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар Сафонов көшесі ауданында жүргізілуде. Алдағы күндері Мостовая және Добролюбов көшелері арасындағы арнаның ең қауіпті учаскесі тазартылатын болады. Жақын арада Атаман аралдары ауданындағы Үлбі жағасын жартасты топырақпен себу жоспарланған. Сонымен қатар, Шмелев Лог және Красин кенттеріндегі арықтарды тереңдету және тазалау жұмыстары белгіленіп отыр. Аталған жұмыстар жапырақтар толық түскеннен кейін де жалғасатын болады. Бүгінгі күні барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қала әкімі Жақсылық Омар су тасқынына дайындық – өмірлік маңызды міндеттердің бірі екенін және жұмысты сапалы жүргізу үшін қажетті қосымша қаражат бөлу қажеттігін қолдайтынын атап өтті. Қалалық ТКШ бөлімінің ақпараты бойынша, алдағы уақытта Тимирязев, Островский, Машиностроителей, Алматинская, Бажова, Попова, Центральная, Ярославская көшелеріндегі су бұру науаларын тазалау жоспарланған. Сәуір айынан бастап қалада жаңбыр қабылдайтын құдықтар лай мен балшықтан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шараларды ағымдағы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазір қаланың 15 көшесінде 695 құдық тазартылып, 15 мың метрден астам құбыр жуылды.

Похожее