Өскемен қаласының полиция басқармасы орта, кіші және қатардағы құрамның бос лауазымдық орындарына, ішкі істер органына жұмысқа кандидаттар қабылдауды жүргізеді.

20.12.2018

Құрметті азаматтар, Өскемен қаласының полиция басқармасы орта, кіші және қатардағы құрамның бос лауазымдық орындарына, ішкі істер органына жұмысқа кандидаттар қабылдауды жүргізеді. Негізгі талаптар: жасы 35-ке дейін, бойы 170 см кем болмауы қажет.

Орта басшылық құрамы үшін: мамандығы бойынша немесе жоғары – заңгерлік білімі болуы қажет.
Кіші және қатардағы басшылық құрамы үшін: орта, арнайы орта (заңгерлік) білімі, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында болуы, альтернативті қызмет өткені туралы сертификаты болуы қажет.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің жоғарғы оқу орындарына 2019 жаңа оқу жылына талапкерлерге қабылдау жүргізеді. Орта білімі болуы қажет.
Нақты ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 23-26-19, 23-27-00, 23-28-24, 23-27-01, немесе Қабанбай Батыр көшесі, 152 (Өскемен қ. ПБ) мекенжайы арқылы хабарласуға болады.

Похожее