Өскемен гарнизонының әскери сотында «Электрондық сот төрелігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

01.01.2018

Өскемен гарнизоны әскери сотының ғимаратында«Электрондық сот төрелігі» атты тақырыпта Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен әскери құрылымдар заңгерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел шарасы өткізілді.

 Шара барысында, бас маман Д.Сарсембаева, «электрондық сот төрелігінің» қатысушылар арасында істердің барлық санаттары бойынша сот практикасына жедел қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін айтып өтті. Бұл ретте, жеделділік пен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ азаматтардың электрондық сот ісін жүргізуге қатысуын қамтамасыз етуде ең басты шарт «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу керектігін айтты.

Дөңгелек үстел шарасын ұйымдастырып отырғандағы басты мақсат – ақпараттық сервистердің артықшылықтарымен мүмкіндіктерімен таныстыру, атап айтқанда, «Сот кабинеті», «Талдау» форумы, сотқа қатысушыларды электронды түрде хабарлау, «Төрелік» бағдарламасымен, «Сот процестерінде  бейне-дыбыс жазбасын қолдану тәртібімен». Осы аталған сервистер барлық азаматтар үшін қол жетімді болып табылатындығын жеткізді. Тек қана «ЭСҚ» болғаны жеткілікті.

Өткізілген шара соңында сот маманы тақырып төңірегінде қатысушылардың сауалдарына толыққанды жауап берді.

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Электрондық сот төрелігінің» жаңашылдықтарымен мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауда, үнемі тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары, оның ішінде дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер ұйымдастырылып отырылатынын айтып өткен жөн. Мұның өзі әскери бөлім заңгерлеріне, әскери қызметшілердің құқық сауаттылығын ашып, сотқа деген сенімді, ашықтықты, қолжетімділікті арттыратыны сөзсіз.

Б. Данияров, ҚР ҚМ Өскемен АПБ бастығы

Похожее