30.08.2017
Бүгін Өскеменде Қазақстан Республикасының Конституциясының 22 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды 16news.kz
Облыс орталығының сол жағалуында бой көтерген «Нұрлы Жол» саябағына жиналған жұрттың қарасы қалың болды бұл күні. Мерекелік концерт, қуыршақтар театры, лазертаг, квесттер, спорттық сайыстар әр алаңда жұртшылық назарына ұсынылды.
Қауымды айтулы мерекемен құттықтауға аймақ басшысы Даниал Ахметов те келді.
«Құрметті жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тарихи маңызды құжатымыз еліміздің бүгінге дейін жеткен жетісіктері мен бағындырған белестерінің мызғымас кепілі» ,— деп өз сөзінде атап өткен облыс басшысы әр отбасыға шаттық пен бақыт тіледі.
Әдеттегідей, мерекенің көркін ашқан концерттік бағдарлама жаңа саябаққа да айрықша дем сыйлағандай болды. Өңірдің шығармашыл ұжымдары мен әртістерімен қатар, өскемендіктерді құттықтауға қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Маржан Арапбаева да келіпті. «Қазақ елі» әнін жиналған қауым әншімен бірге шырқады.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...