30.01.2019
Іс-шараны Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар ашты, ол "Дәл осы табысты, белсенді жастар - еліміздің гүлденуі мен тұрақты дамуының кепілі" деп атап өтті.
Концерт барысында Қанат Ислам жас спортшы Бауыржан Сәтжановқа бокс қолғабын, Ольга Рыпакова жеңіп алған кубоктардың бірін жас жеңіл атлетші Лиза Матвееваға, ақын Қалқаман Сарин жас ақын Ерасыл Ермекұлына "жазушының қаруы" - қалам сыйлады.
Қонақтардың құттықтау сөздерінен кейін концерт атақты әртістердің өнер көрсетуімен жалғасты. Өскемендік жастар алдында "Made in KZ" кавер-тобы, "Х Фактор" телевизиялық жобасының жеңімпазы Евгений Выблов, "Ты супер" телевизиялық жобасының финалисті Влад Лоскутов, "Инкорро" тобы өнер көрсетті.
Айта кету керек, Өскемен қаласында Жастар жылы аясында жастарды қолдау және жастар мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған 100-ден астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...