Өскеменде отбасылық эстафета өтті

03.12.2018

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу аясында «Әке, шеше және мен - спорттық отбасы» атты жарыс өтті.

Іс-шараға 50-ге жуық қатысушылар мен 300-ден астам жанкүйерлер жиналды. Тек спортшылар ғана емес, біздің қаламыздағы отбасылар да күш пен ептіліктен сайысқа түстi.

Салауатты өмір салты мен отбасылық келісім - біздің қоғамның басты құндылығы, деп атап өтті қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Атаев. 
Жарыс қорытындысы бойынша үш үздік команда анықталды. Барлық қатысушыларға Өскемен қаласы әкiмiнiң атынан грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етiлдi.

Похожее