21.08.2017
Биыл еліміздің шекара қызметіне 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды 16news.kz сайты.
Мерейлі датамен әскерилерді құттықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, қала басшысы Қуат Тұмабаев және шекара қызметіндегі бірқатар әскери бөлімдердің сарбаздары жиналды. Шығыс Қазақстан жағрафиялық орналасуы жағынан Қытай, Ресей елдерімен шекаралас орналасқандықтан, тыныштықты сақтауда және қадағалауда шекарашыларға жүктелген міндет зор.
«Сіздер күні-түні ел бекінісін қызғыштай қорғайсыздар. Осы 25 жыл ішінде сіздер 12 мыңнан астам хұқық бұзушылық фактісіне тосқауыл қойдыңыздар», — деп атап өтті өз сөзінде Нұрымбет Сақтағанов.
Зырян ауданынан басталып Павлодар облысына дейін созылып жатқан 800 шақырымнан астам аумақты күзететін 2034 әскери бөлімінің айбынды офицерлері мен сарбаздары алғыс хаттар мен марапаттарға лайықты болды.
«Осы қызметтің қаншалықты маңызды екендігін көп жылдар қызмет етіп келе жатсам да еш күмәнданған емеспін. Қай жақтан қонақ келсе де, құрлықта, әуеде болсын ең алдымен оларды қарсы алатын біздер, шекарашылар. Мемлекет те бізге сондықтан көптеген жеңілдіктер жасап отыр. Зейнетақыға ертерек шығамыз, пәтер алуда басымдық беріледі», — дейді ҰҚК-не қарасты 2034 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник УалиханАсанов.
«Шекара шебін қорғау оңай шаруа емес. Сіздер аптап ыстықта, қақаған аязда да ел бекінісіндесіздер. Ең алдымен ерең еңбектеріңізге рахмет», — деп тілегін жеткізген шахар басшысы Қуат Тұмабаев әскерилерге қала әкімдігі атынан алғыс хаттарды табыстады.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...