Өскеменде төтенше жағдай тәртібін бұзғандардың ісі сотқа жолданады

22.04.2020

Облыс орталығында тәртіп сақшылары рейд жүргізіп, тұрғындарды төтенше жағдай тәртібін бұзбауға шақырды.
Рейд барысында жауапты сала мамандары тұрғындардың мекенжайына байланысты берілген тиісті рұқсатнамаларды тексеріп, олардың дене қызуларын өлшеді.
-        Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасымен бірге сыртқа шығуына рұқсат етіледі. Ал 65 жастан асқан тұрғындарға үйден шығуға болмайды. Өкінішке қарай, төтенше жағдай тәртібін бұзған өскемендіктер де бар. Олардың ісі 476 бап бойынша қалалық әкімшілік сотқа жолданды, - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.
Айта кетейік, тәртіпке бағынбайтындардың дені 20-50 жас аралығындағы тұрғындар.

Похожее