Өскемендік полицейлер өзін өртемекші болған ер адамды тоқтатты.

28.08.2019

Тамыз айының 23-і күні кешкі уақытта Өскемен қаласының полиция Басқармасының «102» арнасына қала тұрғыны қоңырау шалып, Добролюбова көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің бірінде отбасылық жанжал туындағанын айтқан.

        Шақыртуға облыс орталығы полиция Басқармасының патрулді-полиция батальонының экипажы құрамында полиция капитаны Серік Нуриханов пен полиция аға лейтенанты Азат Артамбаев бірінші болып жеткен. Үйдің подъездіне кіріп, басқышпен жоғары көтерілген полиция қызметкерлері ер адамның қолынан көлемі 5 литрлі ыдыс, бұрайтын зат және оттықты көреді.

Ер адам өзіне таяп келе жатқан полиция қызметкерлерін көріп, айғайға басып, олардың жақындамауын сұрап, егер де жақындаса өз–өзін өртеп жіберетіндігін айтқан. Отбасылық жанжалдың себебінен ер адам өте қатты күйзеліс жағдайында болған.

Полиция сақшыларының бірі полиция аға лейтенанты Артамбаев Азат өз-өзіне қол жұмсамақшы болған ер адамды ақырындап сөзге тарта бастайды. Полиция қызметкері әңгімелесу арқылы ер адамды өз ойынан айнытады. Шамамен 50 минуттай әңгімелесуден кейін 28 жастағы ер азамат өз еркімен қолындағы бұрайтын зат пен оттықты полиция қызметкерінің қолына береді.

Осылайша, полиция сақшылары кәсіби біліктілігінің арқасында жан түршігерлік оқиғаның алдын алып, адам өміріне араша болды.

 

Похожее