19.04.2019
Сәуір айының басында әлеуметтік желілерде Досжан Дулатұлының Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға бейнеүндеуі жарияланған. Он жасар бала өз ауласының жағдайына шағымданған болатын.
Ауланың жағдайымен танысқан қала басшысы Досжанға азматтық белсенділігі үшін алғыс айтып, «Менің аулам» бағдарламасының аясында үнемделген қаржының есебінен мәселені шешетінін айтқан.
Сонымен қатар қала басшылығы тарапынан ауланы абаттандыруды бюджеттен тыс қаржы көздерінен шешу мүмкіндігі де қарастырылды. Осының нәтижесінде демеушілер табылып, жаңа ойын алаңдары орнатылды. Қалалық коммуналдық мекеме алаң маңын абаттандырды.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар аулада атқарылған жұмыстармен танысып, балалар мен олардың ата-аналарын ойын алаңын күтіп қарауға шақырды.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...