07.02.2019
Қазақстан Республикасында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты және аурушаңдықтың бұдан әрі таралуын болдырмау үшін өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығына аса мұқият болуға шақырамыз.
Қызылша – жіті жұқпалы аурушаңдық. Дене қызуы 38-40 гр-қа көтеріледі. Көздің шырышты қабығы, мұрын, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынады, денеде бөртпелер пайда болады.
Қызылшаны РНК вирусы тудырады. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, қышқылдың әсерінен, ультра күлгін сәуледен жойылады. Сонымен қатар, аэрозольдарда, вентеляциялық құбырларда, лифт шахталарында вирус бірнеше сағат бойы өмір сүре алады. Әртүрлі қабаттарда тұратын балалар бір мезетте ауру мүмкін.
Қызылшаның алғашқы белгілері: қалтырау, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюктивит байқалады. Сондықтан, осы кезде көп жағдайда адамдарда жіті респираторлық аурушаңдық байқалады. Бұдан кейін науқастың маңдайында бөртпелер пайда болады. Қызылщаның ауыр жағдайдарында бөртпелер ауыз мұрын қуысына да өтеді. Бөртпелердің пайда болуы кезең кезеңмен болады. Келесі кезекте бөртпелер денеге шыға бастайды, бұдан кейін аяқ жақтарға өтіп, мөлшермен бес күндей сақталады. Әдетте, бөртпелер пайда болғаннан кейін алғашқы екі күн науқастың жағдайы ауыр халде болады.
Қызылшамен ауырған адам жұқпа көзі болып саналады. Қызылша вирусы тек адамдарға ғана жұғады және адамдар арасында тез таралады. Денеге бөртпелер пайда болғаннан 48 сағаттан кейін вирус маңайға таралуын тоқтатады.
Инкубациялық кезең 10-14 күн, ең көбі 21 күнге созылады.
Қызылшадан кейін асқынулар да кездеседі. Атап айтқанда, өкпенің қабынуы (пневмания), орта есту мүшелерінің қабынуы (отит) және кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы).
Қызылшадан қорғанудың сенімді және бір ғана жолы – 12 айында және 6 жаста екпе алу болып табылады. Қызылшаға қарсы екпе ҚР Ұлттық екпе алу күнтізбесіне енген. Қызышаға қарсы екпе антиденелер тудыруы арқылы адам денесінде ауруға қарсы иммунитет қалыптастырады. Екпенің көмегімен адамзат туа біткен қызамық, шешек ауруына қарсы тұра білді және полиомелит, дифтерия, гемофильді инфекцияны жеңді деуге болады.
Вакцина алмаған адамдар, дәрігердің қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда, қызылшамен науқастанған адаммен байланыста болғаннан кейін 72 сағат кейін қызылшаға қарсы екпе алуы ұсынылады.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы Нуртазина Айгуль Бектемировна
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...