Өз үйіңнің жөндеу жұмыстары үшін қарызыңды өте немесе сотта кездескенше!

04.04.2019

Барлық БАҚ, интернет ресурстар, қоғам қайраткерлері және т.б. және т.б. , Бізді, яғни, Қазақстан Республикасының азаматтарын өз елімізді сүюге шақырады, бұл дегеніміз – өз үйлерімізді әдемі және жайлы ету, ал, көшелерімізді кең, таза, ыңғайлы және жарық етіп ұстау, басқаша сөзбен айтқанда елді-мекеннің инфрақұрылымын, қаланың немесе елді-мекеннің сәулеттік көркін өзгерту.

Оның жалпы және ерекше қасиеттерін көрнекті етіп, кемшілктерін байқалмайтындай етіп, қаланың көрнекі жерлерін және құндылықтарын айқын етіп көрсету. Бұл тек қана қаланың, елді-мекеннің ЖАО-ның (жергілікті атқарушы орган) ғана емес, сонымен бірге, Сізбен біздің де, оның әрбір азаматының, көп қабатты тұрғын-үй пәтерлері иелерінің жұмысы.

Тұрғын-үйдің барлық иелері, өзінің осы тұрғын-үйінің барлық аспектілердегі оның жағдайы және қауіпсіздігі, сыртқы келбетінен бастап (қасбеті, шатыры, үйге қосалқы аумағы), сонымен қатар, ішкі жабдығы (кіре берістер мен лифтілердің тазалығы, инженерлік желілердің, өртке қарсы жүйелердің дұрыс жұмыс істеуі т.б.) және бір сөзбен айтқанда жалпы жағдайына мүдделі болуы керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңнамасына сай, өз меншігін және оған қоса - қасбеті, кіреберістер, жертөлелер, шатыр, лифт, инженерлік желілер және т.б., ортақ мүліктерін ұстау, тұрғын-үйдің меншік иелерінің еншісінде.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрғын-үй коммуналдық шарушылығын жаңғырту Бағдарламасының аясында мемлекеттен бөлінген ақшалай қаражат есебінен (қайтару негізі бойынша), Өскемен қаласы бойынша 189 көп қабатты тұрғын-үйлердің жөндеу жұмыстары  976,8 млн.теңге сомасына жүргізілді. Бүгінгі күнге, үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің мемлекет алдындағы «ЖЭУ ВКО» ЖШС-і атынан қаланың үйлеріне жөндеу жүргізгені үшін қарызы 244,0 млн. теңгені құрайды.

Осыдан туындайтын сауал: мемлекет жұмсаған қаражаттың нәтижелерін пайдалана отырып, парасатты азаматтар қалайша борышқорларға айналды?

Сонымен бірге, теріс тәсілдемеде ең бастысы ұмыт қалады!  Жөнделген үйлердің көбісінде жылы және жайлы, желілер дұрыс жұмыс істеп тұр, шатырдан су өтпейді! Жөндеу жұмыстары сапасыз жасалған үйлерде, бір сәтте болмаса да, кемшіліктер жойылуда. Ешқандай әрекет жасамайтын адам – қателік те жасамайды.

2019 жылы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен дебиторлық қарыздарды өндіру үшін, 1000-нан астам талап арыз беру жоспарланып отыр.

Бағдарлама бойынша бөлінген ақшалай қаражатты уақытылы қайтару жүйесі, өңірдегі басқа да көп пәтерлі тұрғын-үйлердің меншік иелеріне өз үйлерінің, қасбетін, шатырын, лифтілерді, кіреберістерді, жертөлелерді және инденерлік желілерді жөндеу мүмкіндігін береді, ал, борышқорлар өз жерлестерін осы мүмкіндіктен айырып отыр.

Сонымен, Шығыс Қазақстан облысында толық және жартылай жаңғыртудан өткен, көп пәтерлі тұрғын-үйлердің үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің қоғамдастығы 14 000-нан астам меншік иелерін құрайды. Олар бұдан да көп болар еді, егер, жөндеу жұмыстарынан өткен көп пәтерлі тұрғын-үйлердің меншік иелерінің әрқайсысы өз қарызын төлемеудің әртүрлі себептері мен негіздемелерін ойлап шығармай, уақытылы қарызын өтесе.

 Тұрғын-үйлердің меншік иелері! Барлығын дұрыс пайдалану қажет, шатырдағы қарды уақытында лақтырып, суағарларды тазалап, өз артыңнан (онсыз да жылытылмайтын) кіреберістің есігін жауып, канализацияға арналмаған нысандарды шайып кетпеу сияқты, өз мүлкіңе күтіммен қарау қажет. Біз игі-жақсылықтың болғанына үйреніп алғанбыз, оның болып тұрғанын қалаймыз, бірақ неліктен оның ақысын төлегіміз келмейді.

Похожее