01.03.2019
Осыған орай, Қазақстанда 1 қаңтардан бастап Түркиядағы жазғы маусымға сапарлар қонақ үй класына байланысты 10-нан 20 пайызға дейін көтерілді. Бірақ, туристер әсіресе бұл өзгерістерді тек жазғы демалыстарда ғана ерекше сезінетін болады, деп хабарлайды «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қорының Бапасөз қызметі.
Осылайша, қазір Түркиядағы демалыс құны долларға емес, еуроға бағынышты болып қалды. Төлем бұрынғыдай теңгемен жүргізіледі, бірақ содан кейін еуроға аударылады. Есеп айырысу валютасын өзгертудің негізгі себептерінің бірі - саяси аспект. Алайда, ресми сбеп ретінде, көптеген түрік қонақ үйлерінің еуропалық нарыққа сәйкестендіріліп, еуроның есептеу валютасы ретінде «тұрақты және жұмсақ» болуымен түсіндірілуде.
Былтырғы бағалар бойынша туристік жолдамаларды сатып алу ертерек брондау акциялары барысында ғана мүмкін болды, яғни 28 ақпанға дейінгі мерзімге дейін. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан үшін бәрінен де демалуға лайықты елдер арасында Түркия бірінші орынға шыққан еді (2018 жылы 148 мың қазақстандық турист демалған). Барлығы өткен жылы шетелде 343 мың қазақстандық демалып қайтты.
Түркиямен тек Мысыр бәсекелесе алады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың арасында ең танымал екінші ел - фараондар елі болды - 104 мың отандық турист демалып қайтты.
Сонымен қатар, Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей Наурыз мейрамы кезінде жақын маңдағы елдерге барып демалуды ұсынады. Өйткені, жол әрдайым қосымша қиындық туғызатыны анық.
«Көктемгі мереке - Наурыз мейрамын жоғары деңгейде өткізетін керемет орындар ретінде Өзбекстан мен еліміздің оңтүстігіндегі Шымкентті ұсынар едім. Бұл екі жерде де көктемгі мереке аса жоғары деңгейде аталып өтеді. Еш өкінбейсіздер, оның үстіне ауа райы да өте қолайлы болмақ. Бірақ, егер біраз демалыс күндерін алып, көбірек демалуға мүмкіндік болса, Араб Әмірліктері мен Египетте жайбарақат бой жазып, денсаулығыңызды түзеп, теңіз суына шомылуға не жетсін», - деді И.Рай.
Қайда демалуға барсаңыз да, жолға шықпас бұрын, жолдаманы сатып алмас бұрын, ең бастысы, турагенттен ТУРКОДТЫ талап етуді ұмытпаңыз.
ТУРКОД – ШЕТЕЛДЕГІ СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІҢІЗ
ТУРКОД деген не? Туркод 11-13 әріп-цифрлық символдан тұрады (шығу еліне қарай). Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл код әр турист үшін бірегей болып табылады. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы 24 сағат ішінде жедел көмекті күтеді.
Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі пайда болған сәттен бастап жүйе басқарушысы – «Туристік Қамқор» корпоративтік қор (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтар үшін 630 мың ТУРКОД берді және олардың барлығы аман-есен демалып, елге оралды.
Похожее
01.03.2019 09:26
В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...
20.02.2019 09:28
Что такое раннее бронирование и какие новые...
20.02.2019 09:28
Алдын ала брондау деген не және 2019 жылы Қазақстан...
08.02.2019 10:01
Что такое авторские туры? В чем их особенность,...
08.02.2019 10:00
Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...
25.01.2019 09:24
По линии Корпоративного Фонда (КФ) «Туристік...