22.07.2018
Жалпы, биылғы көктем өңір халқын біраз әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Аягөзде басталған табиғи апат ізін сала Семей, Глубокое, Шемонаиха, Зырян және Катон-Қарағай аудандарында жалғасты. Шемонаиха ауданында небәрі 23 сағаттың ішінде Уба өзенінің суы арнасынан 1,5 метрге дейін асып кетті. Сол 25 наурызда болған жағдайды есіне алған Людмила Дегтярева «бәрінен де үйіңнің іргесі сөгілгенін көру қиын екен» деп бүгін жымия еске алады.
- Менің үйім суға батып кетті. Іргетасы үш жерден жарылып кетті. Сол кездегі жағдайымды көрсеңіздер ғой. Қаладан жиенім келген болатын. Қорыққанымыз соншалықты, біраз уақытқа дейін ес жинай алмадық. Бұрын тек теледидардан көретін жағдайдың басыма келетінін ойламаған да едім, – дейді.
Салтанатты жиында жаңа баспананың кілтін алған Людмила өмірімнің жаңа парағы осында басталады деген сенімде. Себебі, ағаштан соғылған төрт бөлмелі үйдің бой көтерген жылы да жаңа, жағдайы да бұрынғы баспанасынан едәуір жақсы.
- Қиын сәтте бізбен бірге болған халқыма, әсіресе, Елбасымызға, облыс басшылығына рахметімді айтқым келеді. Апат болған алғашқы күннен әр тұрғынның жағдайын жеке-жеке біліп, үйді-үйді аралап, гуманитарлық көмекке дейін жеткізген «Нұр Отан» партиясына алғысымыз шексіз, - дейді жаңа қонысына журналистерді шақырған Людмила Дегтярева.
Үйді аралап көрдік, расымен кең, жарық. Жаңа қожайын жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісіп кеткен. Есіктерін ауыстырып, ас үйіне сырлы кірпіш салып жатыр. Балалары да анасының қуанышына ортақ. Людмиланың қызы «тіпті апат болған кезде мемлекеттен дәл мұндай көмек болады-ау деп күтпедік. Анамды жалғыз өзім жұбатамын деген сенімде едім» дейді, ағынан жарылып. Алайда, нәтиже көрсеткендей, мемлекеттік қызанадан бөлінген қаражаттың есебінен баспанасы тұруға жарамсыз деп танылған отбасыларының әрбіріне қалаулары бойынша үй не пәтер сатып алынды.
12 отбасына табыс етілген пәтер кілтімен бірге бұл күні тасқыннан зардап шеккен көп балалы отбасыларына да жомарт жандар тарапынан көмек көсретілді. Атап айтқанда, "Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы сонау Астанадан арнайы келіп, қорап-қорап тұрмыстық техникаларды тарту етті.
«Біздің ұжым «Нұр Отан» партиясынан түскен үндеуге бір кісідей атсалысты. Таныстқан жоғары белсенділігінің арқасында барлығы 2 млн теңге қаражат жинадық. Бүгін 18 тоңазытқыш, 7 кір жуатын машина, 8 теледидар алып келдік», - дейді бірлестік төрағасы Қорғанбек Нұрпейісов.
Кәсіподақ тарапынан танытылған қамқорлыққа «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да ілтипат көрсетіп, алғыс хатын жолдады. Айта кету керек, партияның облыстық филиалы табиғи апат кезінде осы Шемонаиха ауданындағы жағдайды жеке бақылауға алған-ды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр.
-Ауданда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тамыздың аяғына дейін 126 үйдегі жөндеу толық аяқталады. Арнайы механизм жасалған. Құрылған қорда қаражат бар. Жұмыстың барысы толық бақылауда болады. Аудандық әкімдіктің алдына қойылған міндет бар. Ол филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей бақылауында. Сондықтан тасқыннан зардап шеккен халықтың қалыпты тұрмысын қайтару күн тәртібіндегі басты мәселе, - деді «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.
Айта кету керек, биылғы көктемде су тасқынынан Шемонаиха ауданының бірнеше елді-мекені зардап шекті. 152 үйге су кіріп, оның 13 тұруға жарамсыз деп танылды. Арнайы комиссиямен 134 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Үкімет шешіміне сай, республикалық бюджеттен 168 млн тенге теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыстық «Парыз» қорынан 50 млн теңге қарастырылған болатын.
«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі
Похожее
11.09.2020 06:40
...
03.05.2018 13:04
Глава государства Нурсултан Назарбаев во время...
03.05.2018 12:03
Приказом Генерального прокурора РК в...