Шығыс Қазақстанның аумағында динозаврмен жастас палеонтологиялық ескерткіштің барын білесіз бе?

16.12.2017

Қиын-Керіш шатқалы «Кербез сұлулық» деген мағынаны білдіреді, бірақ ел аузында оның алуан түрлі атауы бар.

Қиын-Керіш шатқалы «Кербез сұлулық» деген мағынаны білдіреді, бірақ ел аузында оның алуан түрлі атауы бар, деп хабарлайды 16news.kz.


Бұл шатқал Күршім ауылынан 120 шақырым жерде орналасқан, 300 гектар аумақты алып жатыр. Сазбалшықтың эрозиясы нәтижесінде мұнда әлем-жәлем ландшафт  құрылған. Алыстан қарағанда, қызыл сазды жартастар мен Қиын-Керіштің жарқабағы  дала өртінің жалаңдаған тіліне ұқсайды екен, сол себепті олар «Жалынды жартастар» деп те аталады. Қатпарлы көптүсті «құрылыстар» оның «Аруақтар қаласы» деген  ел аузындағы тағы бір атауына арқау болатындай.

Қиын-Керіш құздарының жақыннан қарағандағы көрінісі таңғажайып қаланы елестетеді. Бұл қала туралы көптеген кереғар сыбыстар бар. Біреулер осы жерде кезінде адамдарды құрбандыққа шалған десе, кейбіреулер бұл жұмбақ орында Жерге қуатты ғарыштық энергия келіп тұрады деп санайды. Жергілікті тұрғындар келушілердің назарын диск тәрізді бұлттарға аудартады. Мұндай бұлттар тек Қиын-Керіштің үстіне ғана жиналады екен.

Палеонтолог ғалымдар «Аруақтар қаласын» тарихтан бұрыңғы заманның бірегей ескерткіші ретінде сипаттайды. Шатқалдың түрлі түсті сазбалшығы мезозойда қалыптасқан, ол кезде жер бетін динозавтрлар мекен ететін. Бұл температураның максимумы сәкес келетін фанерозойдың ең жылы дәуірі болатын.

Климаты өзгерісске ұшыраған келесі дәуір — палеоген шатқалдың топырағында ежелгі омыртқалылар фаунасының сүйек қалдықтарын қалдырды: мүйізтұмсықтар, қолтырауындар, тасбақалар, саламандралардың. Ол туралы Қиын-Керіштің шөгінділерінен ғалымдар тапқан  субтропикалық өсімдіктердің іздерінен аңғаруға болады: пальма, араукария және магнолиялардың.

Көне флора мен фауна қалдықтарының көптігі және палеогеннің континентальді шөгінділерінің алуан түрлілігі бойынша Азия мен Еуропада Қиын-Керішпен тең келер ешбір естелік жоқ.

Похожее

Восточный Казахстан готовит молодежь к глобальной конкуренции
Восточный Казахстан готовит молодежь к глобальной конкуренции

23.07.2018 15:55

20-22 июля на базе научно-практического центра...

«Жомарт жүрек»
«Жомарт жүрек»

23.07.2018 12:37

Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру»...

«Живем близко и даже не знаем»: Захватывающую экскурсию провели для ветеранов региона
«Живем близко и даже не знаем»: Захватывающую экскурсию провели для ветеранов региона

21.07.2018 09:10

Экскурсию по древнему неолитическому комплексу...

Настоящая археологическая сенсация в Восточном Казахстане
Настоящая археологическая сенсация в Восточном Казахстане

20.07.2018 00:16

Новый пласт в истории всей страны. В ходе раскопок...

Встреча с успешными людьми
Встреча с успешными людьми

18.07.2018 10:24

В рамках реализации Программы «Рухани жаңғыру» с...

В Семее проходит комплекс мероприятий Оpen Space «Рухани жаңғыру: Ұлы Абайдың рухты сөзі»
В Семее проходит комплекс мероприятий Оpen Space «Рухани жаңғыру: Ұлы Абайдың рухты сөзі»

20.04.2018 13:54

19 апреля также прошла первая сессия молодежного...