Ольга Рыпакова Лондондағы әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

08.08.2017

Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 тамызда аяқталады.

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш медальді ел қоржынына салды, деп хабарлайды 16news.kz сайты 24kz-ке ске сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық жеңілатлет үш қарғып секіруде 14,77 метрге жетіп, қола медаль иеленді. Бірінші орынды Венесуэла спортшысы Юлимар Рохас (14,91 метр) алса, күміс медаль колумбиялық Катрин Ибаргуэнге (14,89) бұйырды. Айта кетейік, осыған дейін Рыпакованың бір ғана мүмкіндікпен әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған еді. Ол іріктеу кезеңінде 14,57 метр көрсеткішке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен болатын. Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 тамызда аяқталады.
 

Фото:vesti.kz

Похожее