ШҚО-да бокстан Республикалық турнир өтуде

02.11.2017

Спортшылар барлығы 13 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы қарашаның 4 күні белгілі болады.

ШҚО-да Малдыбай Қажыны еске алуға арналған 2002-2003, 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында бокстан XVIII Республикалық турнир өтуде, деп хабарлайды 16news.kz сайты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарбағатай жерінде Республикалық деңгейде осымен  XVIII рет өтіп отырған жарысқа барлығы 12 команда 120 спортшы қатысуда. Тарбағатайлықтардан бөлек, сайысқа Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларынан және Аягөз, Жарма, Күршім, Зайсан сынды аудандардан жас боксшылар келді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан жас былғары қолғап шеберлері турнирге қатысуға ниет білдіріп, өз бақтарын сынауда. Спортшылар барлығы 13 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы қарашаның 4 күні белгілі болады.

Фото:korolevriamo.ru

Похожее