05.08.2018
Бүгін Үржар ауданының Қабанбай ауылында татами бәсекесінен ашық республикалық турнир өз бастауын алды. Мұнда Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларының, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарының ең үздік спортшылары бас қосты. Онымен қоса, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінен де балуандар келіп, өз бақтарын сынауда. Аталмыш сайыста 2001-2002 ж.т., және 1998-2000 ж.т. 200-ге жуық жасөспірім мен бұрымды жарыс жолына шықты.
– Қатысушылар үшін бұл сайыс тек өздерін көрсетіп, тәжірибе жинақтау үшін ғана маңызды емес. Жүлдеге ілінгендері спорт шеберлігіне үміткер атағын орындайды, – деді облыстың жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Аман Шәріпов.
Похожее