ШҚО-да шаңғы-роллеріндегі Президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті

31.07.2018

Өскеменде Елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына орай шаңғы-роллеріндегі Президенттік көпсайыстан әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдер арасында облыс біріншілгі өтті.

Осымен төртінші мәрте өткізілген жарыс екі күнге жалғасты. Мұнда  өскемендіктерден бөлек, Семей қаласынан, Бородулиха, Зырян, Шемонаиха және Глубокое аудандарынан көпсайысшылар келіп бақ сынасты. Қатысушылардан ұзын саны 90-ға жуық болды. Барлығы алғашында пневматикалық мылтықтан атып бастаса, одан кейін О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде күштік гимнастика бойынша сайысқа түсті. Келесі күні сол жағалаудағы «Ұлы Жібек жолы» мұражай-қорығында шаңғы-роллеріндегі сайыстан өз мүмкіндігін байқады.

 – Барлық бәсеке жекелей сында өтуде. Бастапқыда командалық есепті бағдарламаға енгізгенімізбен, тек Өскемен қаласы ғана толыққанды 16 спортшы қоя алды. Осыны ескеріп, бұл үрдісті алып тастадық. Барлық сайыстағы ұпайларды қосып, үздіктерді анықтайтын боламыз, – деді жарыстың бас төрешісі Владимир Гуляшов.

Күштік гимнастикада бұрымдылар кеудені жерден көтеруден, ал ерлер кермеге тартылудан өз мүмкіндіктерін байқады. 16 жастан жоғарыларға 4 минут, ал 16 жасқа дейінгілерге  жаттығуды орындауға 3 минут уақыт берілді. Қатысушылар арасында Лариса Переверзева, Егор Ногин, Никита Соколов, Ахат Коматаев сынды Әлем Кубогінде олжа алған спортшылар да болды. Олар 11 жас ерекшелігінде жүлдегерлерді анықтауда. Кейбір спортшылар тамыздың 10 күні Көкшетауда өтетін ел чемпионаты алдында жарақат алып қалмас үшін, жаттығуларын аса күш салмай, бір демде орындап шықты.

Тартысқа толы өткен көпсайыс бәсекесінде жарыстың үш түрі бойынша ортақ ұпай шығарылды. Қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

 

11 жас және одан кіші ерлер арасындағы қорытынды

1.Глеб Комаренко (Глубокое ауданы)

2. Дмитрий Шихотов (ШҚО МБЖТСМ)

3. Никита Грищенко (Шемонаиха ауданы)

12-13 жас аралығы бойынша

1. Егор Ногин (ШҚО МБЖТСМ)

2. Оян Қайырғазиев (ШҚО МБЖТСМ)

3. Альтаир Чайзада (ШҚО МБЖТСМ)

14-15 жас аралығы бойынша

1. Иван Скуратов (ШҚО МБЖТСМ)

2. Дмитрий Куренко ( Глубокое ауданы)

3. Дастан Қалибеков (ШҚО МБЖТСМ)

16-17 жас аралығы бойынша

1. Равиль Такенов (ШҚО МБЖТСМ)

2. Илья Сотников (ШҚО МБЖТСМ)

18-20 жас аралығы бойынша

1. Никита Соколов (Өскемен)

2. Елжан Берікұлы (Өскемен)

21-23 жас аралығы бойынша

1. Мұрат Даулетханов

2. Иван Серебрянский (Бородулиха ауданы)

3. Ахат Каматаев

24-34 жас аралығы бойынша

1. Рауан Тіленбаев (ШҚО МБЖТСМ)

2. Владимир Арзамасов (Бородулиха ауданы)

3. Дархан Кесікбаев (Семей)

35-39 жас аралығы бойынша

1. Роман Кривых (Шемонаиха ауданы)

40-49 жас аралығы бойынша

1. Владимир Гуляшов  (ШҚО МБЖТСМ)

50-59 жас аралығы бойынша

1. Мират Мағзұмов (Семей)

60 жас және одан жоғары

1. Владимир Спешилов (Семей)

2. Анатолий Чуйкин (Зырян ауданы)

 

11 жас және одан кіші әйелдер арасындағы қорытынды

1.Жайна Далелканова (Шемонаиха ауданы)

2.Диана Қалиаскарова (ШҚО МБЖТСМ)

3.Алёна Переверзева (ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ЖСШМ)

12-13 жас аралығы бойынша

1.Наталья Иванова (Шемонаиха ауданы)

2. Эвелина Рыбалкина (Шемонаиха ауданы)

3. Аружан Дюсупова (ШҚО МБЖТСМ)

14-15 жас аралығы бойынша

1. Дильназ Жумагалиева (ШҚО МБЖТСМ)

2. Лия Ламонова (ШҚО МБЖТСМ)

3. Ангелина Кузьмина (ШҚО МБЖТСМ)

16-17 жас аралығы бойынша

1.Любовь Кутателадзе (ШҚО МБЖТСМ)

2.Анастасия Козлова (ШҚО МБЖТСМ)

18-20 жас аралығы бойынша

1. Лариса Переверзева (ШҚО МБЖТСМ)

2.Дина Тузган (ШҚО МБЖТСМ)

3.Валентина Дедюлина (ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ЖСШМ)

21-23 жас аралығы бойынша

1.Айым Мұхтарова (Семей)

24-34 жас аралығы бойынша

1.Арайлым Төкенова (Семей)

2. Тамара Климанцева (Шемонаиха ауданы)

3. Аяулым Далелканова (Шемонаиха ауданы)

35-39 жас аралығы бойынша

1.Оюунгэрэл Цыгаанбаатарын (Шемонаиха ауданы)

2.Олеся Москвина (Шемонаиха ауданы)

40-49 жас аралығы бойынша

1.Алия  Мухамадиева (Шемонаиха ауданы)

50-59 жас аралығы бойынша

1.Демегүль Бөлекбаева (Семей)

Похожее