343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалды

25.01.2019

«Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры (КҚ) желісі бойынша 343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалып қайтты. «Туристік Қамқор» құрылған сәттен бастап жалпы алғанда 616 мың туркод берілді деп хабарлайды «Туристік Қамқор» КҚ баспасөз қызметі.

Көбіне өткен туристік маусымда қазақстандықтар демалуға Түркияға барды: 148 мың адам. Екінші орында Египет – 104 мың адам. Үшінші орында – Біріккен Араб Әмірлігі (33,5 мың қазақстандық). Төртінші сатыны Қытай мен Таиланд өзара бөлісіп отыр (18 мың туристен). Бесінші орында – Вьетнам (4,5 мың), алтыншы орында – Үндістан (2,7 мың), сосын Чехия (2,4 мың), сегізінші орында - Доминикана (2,1 мың), тоғызыншы орында – Греция (2 мың) және ондықты Грузия жапты  (1,4 мың адам).

 

2018 жылы шетелге шыққан бірде бір қазақстандық сақтандыру жағдайын пайдаланбағандығы қуантады. Барлық компания өз міндеттерін адал орындады.

Туындаған кішігірім мәселелер жедел түрде сол жерде шешіліп отырды. Бірде бір қазақстандық туроператордың кінәсімен шетелден шұғыл шығарылған жоқ.

 

Бүгінгі күні «Туристік Қамқор» тізімінде 56 туроператор бар, олармен fondkamkor.kz  сайтында танысуға болады. Бұл ретте, жалпы Қазақстанда шығу туризм саласында нақты туроператорлық қызметті жүзеге асыратын шамамен 140 компания жұмыс істейді. Қалған 80 компания өз қызметін демалыс уақытында қазақстандықтардың шетелдегі қауіпсіздігін тәуекелге итермелеп, заңсыз жүзеге асырады деген сөз.

 

Сіз қай жерде демалмасаңыз да, «Туристік Қамқор» Корпоративтік қоры Сіздің ыңғайлы демалуыңыз үшін барлық ұсақ-түйектер туралы алдын ала қамдануды ұсынады – өз қонақ үйіңіздің бронын, үйге қайту билетінің төленгендігін, сондай-ақ өз ТУРКОДЫҢЫЗДЫ тексеру, егер Сіз шетелде демалатын болсаңыз.

 

Ауа райы жағдайларын негізге ала отырып ақпанда қазақстандықтардың демалысы үшін жақсы жерлер: Тайланд, Египет, Куба, Үндістан, Шри Ланка, Доминикана, Филиппиндер, Танзания бола алады.

Шығу туризмі саласында Қазсқатн Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің жұмыс істеген сәтінен бастап жүйе басқарушысы – «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры (КҚ)  шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 616 мың ТУРКОД берді.

2017 жылдан бастап қазақстандық туристерге шетелге туркодпен шығу ұсынылады. Арнайы құрылған «Туристiк Қамқор» КҚ шетелде қиындыққа ұшыраған отандастарымызға елге қайтып оралуға көмек көрсету үшін арнайы құрылған. Бірінші кезекте бұл адал емес турфирмалардың қызметінен зардап шеккендерге қатысты. Сөйтіп, Қазақстаннан келген туристердің туркодтары болған кезде төтенше жағдайларда кепілдендірілген қолдауға ие бола алады.

 

Туристік кодты туроператорға жарнаны енгізгеннен (0,5 АЕК  - 1 202 тг. Бір турист үшін. Бұл соманы турист үшін туроператор төлейді) және банк кепілдерін (12 млн. тг. мен 36 млн. тг. аралығы) ұсынғаннан кейін Қор береді.

 

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығу еліне байланысты) әріп-цифрлық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін бірегей болып табылады. Төтенше жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өзінің туркодының нөмірін айтады және 24 сағат ішінде жедел көмектің көрсетілуін күтеді.

 

«Туристік Қамқор» қоры 2016 жылғы 7 қарашадан бастап жұмыс істейді.

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...