Бір жарым жылда ТУРКОДпен жарты миллион қазақстандық шетелде демалды

02.08.2018

Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесінің жұмыс істей бастаған уақытынан бастап «Туристік Қамқор» Корпоративті Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) ТУРКОД берді, деп хабарлайды «Туристік Қамқор» КҚ баспасөз-қызметі.

 

Ауа-райының жағдайына сүйене отырып қазақстандықтар үшін тамыз айында шетелдерде демалудың қолайлы орны болып келесі мемлекеттер саналады: Крит, Кипр, Грекия, Түркия, Болгария, Италия, Тунис, Мальта, Доминикан, Куба, Кариб, Хайнань аралы, Вьетнам, сонымен қатар жерорта теңізінің барлық жағалауы мен Португалия.

 

Қыркүйек пен қазан айларында Мысыр (Египет), Канар аралдары, Израиль, БАӘ, Тайланд, Доминикан, Үндістан, Шри-Ланка, Малайзия, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралында ойдағыдай демалуға болады.

 

Ал қараша-желтоқсан айларында Тайланд, БАӘ, Доминикан, Куба, Кариб, Үндістан, Малайзия, Хайнань аралы, Вьетнам, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралдарында демалысыңызды өткізуді жоспарласаңыз болады.

 

ТУР-КОД – СІЗДІҢ ШЕТЕЛДЕ ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛЫСЫҢЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

 

2017 жылдан бастап қазақстандық саяхатшыларға шетелге тур-кодпен шығуға кеңес беріледі. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде кұтпеген жағдайға тап болған сәтте отандастарын тез арада елге оралтуды көздейді. Ең алдымен бұл алақол қызмет жасайтын турфирмалардың кесірінен зардап шеккендерге қатысты. ТУРКОД кез келген жағдайда Сіздің отаныңызға жақын арадағы рейспен оралуыңызға кепіл болады.

 

Туроператорға туристік кодты Қор жарна мен (бір турист үшін жарнаның көлемі 1 АЕК – 1202 тг. Ол соманы турист үшін туроператор өзі төлейді) банктік кепілдемелер (12 млн мен 36 млн теңге аралығында) төленгеннен кейін ғана береді.

 

Бүгінгі таңда "Туристік Қамқор" Қорының құрамына 56 туроператор мүшелікке енген. Олардың тізімімен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын ұзын саны 140 компания қызмет етеді. Яғни қалған жетпістен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып, жасырын түрде қызмет көрсетуде деген сөз. Ондай жағдайда шетелде демалыста жүрген отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.

 

Әлі шетелге демалысқа шығып үлгермеген саяхатшыларға «Туристік Қамқор» КҚ өзінің қонақ үйінің бронын тексеруін, артқа үйге қайтатын билеті төленгендігін, сондай-ақ өзінің ТУРКОД-ының бар екендігін тексеріп алуға кеңес береді.

 

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде 24 сағаттың ішінде көмек күтуге құқылы.

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...